«Бойтұмарлықтардың» өнерін тамашалады

Оралдағы «Бойтұмар» мәдени клубы халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, мәдениетін жаңғыртуға ұдайы көңіл бөледі.

Сондай іс-шаралардың бірі жуырда Наурыз мерекесінде көрініс тапты. «Бойтұмар» клубы «Төрлет елге Наурызым, бақытыңды бер,  жылым!» атты  концерттік бағдарлама ұйымдастырып, «Салт-дәстүрім — таусылмайтын байлығым» кезеңінде қазақтың сырға салу салтын көрсетті.

Мерекелік шара Күнзипа әжеміздің наурыз-шашуымен ашылып, бата алу үшін Қыдыр ата бейнесіндегіТемірғали ағай ақ батасын берді.Бұдан соң клуб өнерпаздары ұлттық салт-дәстүрді дәріптейтін «Сырға салу» қойылымын ұсынды. Одан әрі  салауатты өмір салтын насихаттау  мақсатындаспорттық жарыс  ұйымдастырылды. Думанды кеш «Бойтұмар» мәдени клубының көркемөнерпаздары дайындаған концертке ұласып, келген қонақтарға мерекелiк көңiл күй сыйлады. Қанымызға сіңісті, жанымызға  жұғысты, ой-санамызға нұрлы шуақ сыйлап, серпілтетін бұл ұлттық мейрамнан әр адам рухани байлық алып қайтқаны анық.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *