
«Жайық таңы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған жамағат арасындағы спорттық сайыстар жоғары деңгейде өтті. Шараның мақсаты – жамағат арасындағы ынтымақ пен бауырмалдықты арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау болды.
Жарысқа жалпы 8 команда қатысты:
1. Ақсай командасы
2. Базар төбе командасы
3. Кердері командасы
4. Баракат командасы
5. Қара бала командасы
6. Деркул командасы
7. Ақмешіт командасы
8. Қызыл мешіт командасы
Сайыс екі бағытта өтті — футбол және арқан тартыс бойынша.
⚽ Футбол нәтижесі:
1-орын: Кердері командасы
2-орын: Қара бала командасы
3-орын: Ақсай командасы
Номинациялар бойынша үздіктер:
Үздік ойыншы — Имангазеев Бекзат
Үздік қақпашы — Қанатов Ильяс
Үздік шабуылшы — Ахмулдин Дәулет
Үздік қорғаушы — Мендаев Марат
💪 Арқан тартыс нәтижесі:
1-орын: Базар төбе командасы
2-орын: Ақмешіт командасы
3-орын: Деркул (Бадр) командасы
Жарыс соңында жеңімпаздар мен үздік ойыншыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. Бұл шара жамағат бірлігін нығайтып, достық пен бауырластық рухын арттыруға үлкен үлес қосты.
