Қыз-келіншектерді тонаумен айналысқан

Орал қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі полиция қызметкерлерінің жуырда қыз-келіншектерге күш көрсету арқылы ашық түрде тонап келген күдіктіні қолға түсіргенін хабарлады.

Жуырда Орал қалалық полиция басқармасы бірнеше рет әйел адамдарға шабуыл жасап, олардың жеке мүліктерін тартып алғанжігітті кезекті «әрекеті» барысында ұстаған. Мәлім болғандай, 1971 жылы туған, отбасын құрмаған, еш жерде жұмыс жасамайтын А. есімді күдіктібиылғы наурыз айының ішінде төрт рет адам тонапты.  Еуразия даңғылы, Құрманғазы және Исаев көшелері бойындақараңғы уақыттарда жалғыз өзі бейқам кетіп бара жатқан нәзік жандарды тонап, жәбірленушілердің сөмке, әмиян, ақша, ұялы телефон сынды жеке заттарын тартып алған. Қылмысты іспен айналысқан азамат өзінің жымысқы ойын көпшілік ортадан тасаланып, шамы көмескі көше тұстарында төңірегінде өзге кісілердің жоғын пайдаланып, қыз-келіншектердің соңынан ілесіп отырып жүзеге асырып келген.

Кейбіреулерінкөпқабатты үйлердің кіреберісінен  күтіп  тұрып, ұрып-соғу арқылы қолындағы барын тартып алған. Күдікті жәбірленушілердің ақшаларын жойып, өз керегіне жаратқан. Олардың  алты, он, жиырма, елу мың теңге көлеміндегі ақшаларын, алтын бұйымдарын иеленіп кете барған.

Мысалы, 8 наурызда Исаев көшесінің бойында 1990 жылғы студент қызға күш көрсету арқылы оныңалтын сырғасын, екі күміс сақинасын, алты мың теңге ақшасын ашық түрде тартып алған. Оның бұл қауіпті әрекетіне полиция қызметкерлері тосқауыл болып,  кезекті тонау барысында қолға түсірген.

«Күдіктінің бұған дейін де қарақшылық шабуыл мен тонауға қатысты заң алдында жауапталғаны анықталды. Бүгінгі күні төрт эпизодпен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде», — деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *