Кәсіби мерекемен құттықтады…/Поздравил с профессиональным праздником…

ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған ресми іс-шараға қатысып, министрлік қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.

Кездесу барысында Ербол Мырзабосынов мемлекеттік қызмет – елге адал еңбек етудің, жоғары жауапкершілік пен азаматтық ұстанымның жарқын үлгісі екенін атап өтті. Сонымен қатар өз саласының дамуына елеулі үлес қосып, көпжылдық еңбек өтілі бар және жоғары нәтижелерге қол жеткізген бірқатар ұжым қызметкерлерін марапаттады.

Министр ұжымға адал еңбегі үшін алғыс айтып, ел игілігі жолындағы қызметтеріне табыс тіледі.

——

Министр туризма и спорта Республики Казахстан Ербол Мырзабосынов принял участие в официальном мероприятии по случаю Дня государственного служащего и поздравил коллег с профессиональным праздником.

В ходе встречи министр отметил важность государственной службы как примера высокой ответственности и преданности стране, а также вручил награды сотрудникам, добившимся выдающихся результатов, имеющим многолетний стаж и внесшим значительный вклад в развитие отрасли.

Ербол Мырзабосынов поблагодарил коллег за честный труд и пожелал дальнейших успехов на благо государства.

Оставьте ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *