Идеядан табысқа дейін: «Greenery» кәсіпорнының тұрмыстық химия саласындағы тарихы

Қазіргі заманғы бизнестің жағдайында әрбір кәсіпкер өндірісті кеңейту, жаңа технологияларды енгізу және өнім сапасын қамтамасыз ету сияқты қиындықтармен бетпе-бет келеді. Осындай табысты мысалдардың бірі — Орал қаласынан шыққан кәсіпкер Арман Ирғалиевтің тарихы. Ол «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры арқылы жаңа жабдық сатып алып, өндірістік қуатын айтарлықтай арттырды.

Арман Ирғалиев тұрмыстық химия өнімдерін өндіру жолын бірнеше жыл бұрын бастады. Идея оның нарықта сапалы әрі қолжетімді жуғыш заттардың жетіспейтінін байқап, пайда болды. Шетелдік брендтерге тәуелді болудың орнына, кәсіпкер қазақстандық тұтынушылардың талаптарына сәйкес келетін өнім шығарып, импорттық тауарлармен сапасы мен бағасы жағынан бәсекеге түсуге шешім қабылдады. Алғашқы кезеңде өндіріс көлемі аз болды, жабдық ескірген және оны пайдалану үшін көп шығын талап етті. Бірақ бұл қиындықтар Арманды тоқтатқан жоқ, ол өнімін жақсартуды жалғастырып, тұтынушылардың сенімін ақтап, нарықта орнын кеңейтті.

Сұраныс артқан сайын кәсіпкер өндірісті жаңарту қажеттілігін сезінді. Өндіріс көлемін ұлғайтып, өнім сапасын арттыру үшін жаңа жабдықтар қажет болды. Бұл үшін едәуір инвестициялар талап етілді. Арман Ирғалиев осы мәселені шешу үшін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қорына жүгініп, жаңа жабдық сатып алу үшін қаржылай көмек алды.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры арқылы кәсіпорын «Қазақстан Халық банкі» АҚ-нан «Біріңғай кешенді бағдарлама» және «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы» аясында қаржыландыру алды. Алынған қолдау субсидиялау мен кепілдендіру түрінде көрсетіліп, жылжымайтын мүлік пен жабдық сатып алуға мүмкіндік берді.

Жаңа жабдықтармен өндіріс автоматтандырылып, шығындар азайып, өнімнің сапасы жақсарды. Сонымен қатар, кәсіпкер ассортиментін кеңейтіп, жаңа жуғыш заттар шығара бастады. Бұл өнімдер тұтынушылар арасында үлкен сұранысқа ие болды. Өнім сапасының жақсаруы және өндірістік қуаттардың артуы жаңа нарықтарға шығуға мүмкіндік берді.

Арман Ирғалиевтің табыс тарихы — мемлекеттік қолдаудың бизнестің дамуына маңызды фактор болатынын көрсететін жарқын мысал. «Даму» Қоры арқасында кәсіпкер өндірісін жақсартып қана қоймай, халықаралық нарықтарға да шығуға жол ашты. Бұл тәжірибе дұрыс қолдау мен стратегиямен, бастапқы қиындықтарға қарамастан, үлкен нәтижелерге қол жеткізуге болатынын дәлелдейді.

Мекенжайы: БҚО, Орал қаласы, Ш. Айталиев көшесі, 11А құрылысы

Телефон: +7 701 367 62 28; + 7 700 444 72 20

сайт:  greenery.kz

Оставьте ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *