Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» жалпы республикалық акцияның басталғандығы туралы хабарлайды. Акцияның бастамашысы және ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті болып табылады.
Акция «Таңдау» мобильді қосымшасы арқылы («Қазақтелеком» АҚ фискалды деректер операторы) 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап 31 қазанына дейін өтеді.
Осындай акция мемлекеттік кірістер органдарымен бірінші жыл өткізіліп отырған жоқ және бұл дәстүрге айналды.
Акцияның негізгі мақсаты, азаматтардың белсенділігін және жұртшылықтың салықтық сауаттылық деңгейін жоғарлату болып табылады.
Сондай-ақ: жұртшылықпен ақшалай есеп айрысу барысында бақылау-кассалық аппаратын қолданудың әлеуметтік-экономикалық маңызы жөнінде қоғамдық пікір қалыптастыру;
— тауарлар, жұмыстар, қызметтердің тұтынушылары ретінде өз мүдделерін қорғау мәселелері бойынша азаматтардың құқықтық мәдениетін тәрбиелеу;
— бақылау-кассалық аппаратын пайдалану бойынша Қазақстан Республикасы заңдылықтарының талаптары туралы салық төлеушілерді және қоғамды ақпараттандыру;
— бақылау-кассалық машинасын қолдану арқылы Қазақстандағы салық төлеушілер арасында салық тәртібін арттыру есебінен бюджетке салық төлемдерінің түсімдерін көбейту;
— көлеңкелі экономика көлемін қысқарту;
— кәсіпкерлер арасында әділ бәсекелестікті ынталандыру.
Акцияға белсенді қатысатын облыс тұрғындары құндысыйлықтармен марапатталатын болады.
Осы жылы акцияға қатысушылардың саны өсетінідігіне сенеміз және барлықтарыңызға сәттілік тілейміз!
Светлана ИМАШЕВА