Орал қалалық аумақтық сайлау комиссиясының ҮНДЕУІ

Құрметті № 17 сайлау округінің сайлаушылары!

«Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Заңына сәйкес № 17 сайлау округінің учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері аталмыш округ депутатының шығып қалуына байланысты 2025 жылдың 13-26 наурыз күндері пәтерлерді аралап, 2025 жылғы 30 наурызда өтетін мәслихат депутатын сайлауға шақыру билеттерін таратады.

Учаскелік комиссия мүшелерінің жұмысына түсіністікпен қарап, қолдау танытуларыңызды сұраймыз. Әр комиссия мүшесінің бейджі және өзімен бірге жеке куәлігі болады.

Барлық учаскелік комиссия мүшелерінің тізімі Орал қаласы әкімдігінің сайтында жарияланған. Комиссия мүшелерінің тізімімен төмендегі сілтемеге өтіп таныса аласыз:

https://www.gov.kz/memleket/entities/uralsk/activities/67408?parentId=67159

Өз округіңіз бен учаскеңізді тексеру үшін келесі сілтемеге өтіңіз:
https://karta.testim.kz

Сайлауға қатысты барлық сұрақтар бойынша төмендегі телефондарға хабарласыңыз: 24-30-10, 24-30-40

Орал қалалық аумақтық  сайлау комиссиясы

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *