Орал қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін «e-Оtinish» бағдарламасы, «е-gov» электрондық үкімет веб-порталы немесе қолма-қол қабылдау арқылы жүзеге асырады.
Орал қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы тиісті аумақта құзіретінің шегінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға, сондай-ақ техникалық регламенттерде және нормативтік құжаттарда белгіліенген талаптардың сақталуын бақылау мен қадағалау саласындағы басшылықты және мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау Министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесі болып табылады. 2024 жылдың 12 айлық қорытындысы бойынша – 333 өтініш келіп түсті. Жеке тұлғалардан – 275, заңды тұлғалардан – 58. Осы өтініштердің барлығы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК РӘСІМДІК-ПРОЦЕСТІК КОДЕКСІ (бұдан әрі – ҚР ӘРП Кодексі) бойынша уақытылы қарастырылып жауап берілді. Өтініштерді қарау тәртібі бойынша – 51 әкімшілік айыппұл салынды.
ҚР ӘРП Кодексіне сәйкес қызмет көрсету мерзімі — өтініштер, хабарламалар, жауаптар мен ұсыныстар келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қаралады. Жолданым негізінде қозғалған әкімшілік рәсімнің мерзімін әкімшілік орган басшысының немесе оның орынбасарының уәжді шешімімен ақылға қонымды, бірақ әкімшілік істі дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды белгілеу қажеттігіне орай екі айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, әкімшілік рәсімге қатысушы бұл туралы мерзім ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабардар етіледі (ҚР ӘРП Кодексі 76-бап).
Шағымды (жалоба) қарау мерзімі шағым келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күнін құрайды (ҚР ӘРП Кодексі 99-бап).
ҚР ӘРП Кодексінің мақсаты – мемлекеттік органдармен даулар бойынша азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау, тараптар мүдделерінің тепе-теңдігін сақтау, сондай-ақ басқару шешімдерінің сапасын арттыру болып табылады. ҚР ӘРП Кодексі мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің төмендеуіне айқындалған.
Бүгінгі таңда кез келген адам орналасқан жері мен тәулік уақытына қарамастан «E-Otinish» бағдарламасының көмегімен өтініш жібере алады, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өтініштерді қарау барысын бақылауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, 2024 жылы жеке және заңды тұлғалардың өкілдеріне
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспарына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша 12 ашық есік күні және 116 семинар өткізілді.
Орал қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші маманы
Сания Джумагалиева