Қызметтік әдеп нормаларының сақталу мәселелері

Мемлекеттік органдардың Әдеп жөніндегі уәкілдерінің  және Персоналды басқару қызметі басшыларының қатысуымен, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен ағымдағы жылдың 19 қарашасында мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасы мен қызметтік әдептің сақталуы, мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасы мәселелері бойынша отырыс өткізілді.

Отырыс барысында мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға түсіндірме берілді. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің арасында, қызметтік әдептің сақталуына көңіл бөлу қажеттілігі, атап айтқанда мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінде көзделген мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарын сақтауға міндетті екендігі және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті бұзуы осы Заңда белгіленген тәртіптік жауаптылыққа әкеп соғатындығы басты назарда болды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғам өмірінде ерекше рөл атқарады. Ол қоғамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуді және қоғамдық мүдделерді ең үздік және тиімді тәсілмен қанағаттандыруды білдіреді.

Мемлекеттік қызмет қоғам мүдделеріне адалдық танытуға және Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік тіл мен басқа тілдерге, Қазақстан халқының дәстүрлері мен ғұрыптарына құрметпен қарауға міндеттейді.

Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде мемлекеттік саясатты ұстануға және оны дәйекті түрде іс жүзіне асыруға, қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекет пен оның институттарына деген сенімін сақтауға және нығайтуға ұмтылуы тиісті.

Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебіне жоғары талаптар қояды.

Қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын уәкілетті тұлға — Әдеп жөніндегі уәкіл.

Отырыс барысында, айтылған мәселелерді зерделей отырып,  Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде Әдеп жөніндегі уәкілмен ағымдағы жылдың 11 айында төмендегідей жұмыстар атқарылды:

Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында Қазақстан Ресрубликасы заңнамаларының және Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша жеке консультативті — 6 көмек көрсетілді;

Әдеп кодексі және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтау бойынша — 10 түсіндірме жұмыстары жүргізілді, соның ішінде дәріс семинарлар -7, бейнероликтер мен  радирматериалдар – 3;

Баспасөз құралдарында жарияланған мақалалар -1.

Сондай-ақ, Департаментпен «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес Департаментпен заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін 4 Мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

1) «Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызметке лицензия беру»;

2) Ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік баланста есепке алынған мүліктің баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік балансқа сәйкес оның активтерінің баланстық құнының 0,05 пайызынан асатын болса, реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну үшін пайдаланылатын мүлікпен мәмілелер жасауға келісім беру ;

3) табиғи монополия субъектiсін қайта ұйымдастыруға немесе таратуға келісім беру;

4) Табиғи монополиялар субъектiлерiнің мемлекеттік тіркеліміне қосу және шығару.

Ағымдағы жылдың 11 айында,  Департаментпен «табиғи монополиялар субъектілерін мемлекеттік тіркелімнен қосу және шығару» бойынша 5 мынадай субъектілерге мемлекеттік қызмет көрсетілді: «Ұялы» ЖШС, «Уральскснабконтракт «ЖШС тіркелімнен шығарылды;» Ақмектеп Су «ЖК,» Пахман «ШҚ,» Оралснабконтракт » ЖШС тіркелімге енгізілді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің
Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *