Бүгінде Орал қаласы аумақтық референдум комиссиясының ұйымдастыруымен алдағы өтетін референдумға арналған оқу семинарлары өткізуде.
«Референдумы тиімді дайындау және өткізу кезінде комиссиялардың қызметін ұйымдастыру» тақырыбында өткізіліп жатқан семинарларға қалалық учаскелік референдум комиссияларының төрағалары, орынбасарлары, хатшылары мен мүшелері қатысуда.
Бұл шараларда Орал қалалық референдум комиссиясы төрағасы Мұхтар Давлетжанов алдағы саяси науқанының маңыздылығына тоқталып, қатысушыларды референдумды тиісті дәрежеде өткізуге шақырды.
Семинар барысында Орал қаласы аумақтық референдум комиссиясының хатшысы Әсия Жумина, мүшелері Нариман Мүстиев, Аслан Шахаров референдумды ұйымдастыру, референдумда кездесетін түйіткілді мәселелерді оңтайлы шешу, түрлі жағдаяттардан шығу туралы мол мәлімет беруде.
Күні бүгінге дейін екі күн қатарынан Достық үйінде, Орал ақпараттық технологиялар колледжінде, №10 және №7 мектептерде өткен оқыту семинарларына 130 учаскелік референдум комиссияларынан 500 дей адам оқытылды. Аталған оқу семинарлары 23 қыркүйекке дейін жалғасатын болады.