Оңтүстіктен келген ұландықтар үйлеріне қайтты

 

Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап еліміздің бірнеше аумағында  су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланған болатын. Осы орайда Батыс Қазақстан облысына су тасқынына қарсы іс-шараларға көмектесуге Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерден 500 ден аса әскери қызметкерлер жіберілді. Қызылорда және Шымкент қалаларынан келген ұландықтар, елмен халықпен бірге екендіктерін көрсетіп қана қоймай, су тасқынына қарсы іс-шаралар кезінде тұрғын алаптар маңына бөгеттер салу, тұрғындарды эвакуациялау және де тұрғындар эвакуацияланған аймақтардағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарын атқарып келді.

Осы орайда, бүгін еліміздің басқа аймақтарынан келіп су тасқынына қарсы іс-шараларға жұмылдырылған әскери қызметкерлерге алғыс білдіру мақсатында Орал қаласында Батыс Қазақстан облысы әкімінің қатысуы мен салтанатты жиын өткізіліп әскери қызметкерлерге мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар табысталған болатын. Сонымен қатар Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысы полковник Қазкеев Бекайдар Маратұлы еліміздің оңтүстігінен келген ұландықтарға өзінің ыстық ықыласын білдіріп, арнайы алғыс хаттармен марапаттады. Іс-шара соныңда Батыс Қазақстан облысына көмекке келген ұландықтар облыс әкімі Төреғалиев Нариман Төреғалиұлы  және «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы полковник Қазкеев Бекайдар Маратұлы мен естелік фото суретке түсті.

Айта кетейік, қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысына су тасқынынан төнген қауіп беті қайтарылып, басқа аймақтардан келген әскери қызметкерлер өз үйлеріне қайта жөнелтілді.

ҚР ҰҰ  «Батыс» ӨңҚ баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *