Оралдық ұландық ел чемпионатының  жүлдегері атанды

2024 жылдың 18-21 сәуір күндері аралығында Семей қаласындағы «Жақсылық Үшкемпіров» атындағы спорт кешенінде    ересектер мен әйелдер арасында  спорттық және жауынгерлік самбо спортынан Қазақстан Республикасының чемпионаты өткізілді.

Аталмыш бұл сайыста еліміздің барлық өңірлерінің үздік спортшылары өз бақтарын сынады.  Олардың арасында Азия, Еуропа, Әлем чемпионатарының жеңімпаздары да бар.

Сондай-ақ, аталмыш бұл сайыста Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Орал қаласында орналасқан 5517 әскери бөлімінің қызметкері Утегулов Жандос қатысқан болатын. 58 келі дәрежесін де бақ сынысқан ұландық жарыс қорытындысы бойынша үшінші орынды қанағат тұтты. Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орын алған спортшыларға кубок, грамота, медальдар табысталды.

ҚР ҰҰ  «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *