Қазіргі таңда елімізде орын алған жағдайға байланысты көптеген күш құрылымдар күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Солардың қатарында еліміздің тірегіне айналған Ұлттық ұлан қызметкерлері де бар. Қазіргі таңда ұландықтар еліміздің су басу қаупі жоғары аймақтарында күні-түні қызмет атқаруда. Қызмет барысында ұландықтар қаптарға құм толтырып бөгеттер көтеруде. Сонымен қатар, тұрғындар эвакуацияланған аймақтарды күзетіп жатыр.
Атап айтар жайт, бүгінде Ұлттық ұлан ардагерлері де әскери қызметкерлер мен бірге иық тіресіп қызмет атқаруда. Олар, су тасқынына қарсы атқарылып отырған іс-шараларға белсене атсалысуда.
ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі