Қазіргі таңда еліміздің бірнеше аумағында су тасқыны күшейіп барады. Атап айтар болсақ, елдің батыс өңірінде ахуал өте күрделі. Осы орайда, көптеген құрылымдар тасқын суға қарсы күресуде өз үлестерін қосуда.
Қазіргі таңда осындай құрылымдар қатарына еліміздің айбыны болған Ұлттық ұланда кіреді. Ұландықтар ел басына туған бұл қиындықтан құтылу үшін өз күштерін аямай күн түн демей, халықтың қауіпсіздігі мен тыныштығы үшін күресуде. Осы орайда ұландықтардың жасап жатқан ерлігі еш аяусыз қалып жатқан жоқ. Атап айтар болсақ бүгінгі таңда еліміздің көк туын шетелге асырып бұлбұлдай дауысымен барша әлемді тамсандырып жүрген әнші Димаш Құдайберген Ұлттық ұлан жауынгерлеріне өз алғысын білдірді.
— Қазіргі таңда ұландықтардың атқарып жүрген еңбектері өте үлкен. Халқымыздың тыныштығы мен қауіпсізді үшін барын салып, күн түн демей қызмет атқару олда бір ерлік десем де артық айтқаным емес. Ұландықтардың бұл ерлігі ел есінде мәңгі өшпес десек те болады — деп мәлімдеді Димаш Құдайберген.
Атап айтар болсақ өз кезегінде Димаш Құдайберген де игі істен шет қалмай, туған жері Ақтөбеге сапар жасап қайырымдылық қорына 15 миллион теңге аударды.