Орал қаласында орналасқан Ұлттық ұланның 5517 әскери бөлімінде жақында ғана әскери ант қабылдаған жас жауынгерлер, алғашқы рет Орал қаласында орналасқан түзету мекемелерін күзету үшін жауынгерлік қызметке шықты.
5517 әскери бөлімінің саптық алаңында жас сарбаздардың алғашқы жауынгерлік қызметіне арналған таралым өткізілді. Шара барысында әскери бөлім командирі подполковник Сағындық Алқайдаров жас сарбаздарды жауынгерлік қызметтің алғашқы күнімен құттықтап, алдағы жауапты қызметтеріне сәттілік тіледі. Сонымен қатар, заңдылық пен әскери жарғы талаптарын қатаң сақтауды, жауынгерлік қызметте қырағы болуға шақырды.
Айтулы шараға әскери бөлімнің ардагерлері, құқық қорғау органдарының өкілдері қатысып жас жауынгерлердің алдағы жауынгерлік қызметтеріне толағай табыстар тіледі.
Айта кетейік сарбаздар алдағы бір жыл бойы Орал қаласында орналасқан түзету мекемесін күзететін болады.
ҚР ҰҰ «Батыс» ӨңҚ баспасөз қызметі
Молодые солдаты, недавно принявшие воинскую присягу в воинской части 5517 Национальной гвардии, расположенной в городе Уральск, первые вышли на боевое дежурство по охране исправительных учреждений города Уральск.
На плацу воинской части 5517 проводилься развод на первую боевую службу молодых солдат. В ходе мероприятия командир воинской части подполковник Сагындык Алкайдаров поздравил молодых солдат с первым днем службы и пожелал им успехов в дальнейшей службе. Кроме того, он призвал молодых солдат к строгому соблюдению закона и требований воинского устава, а также бдительности при несении службы.
А также в мероприятии приняли участие ветераны воинской части, представители правоохранительных органов, они в свою очередь пожелали молодым солдатам удачи в дальнейшей воинской службе.
Отметим, что в течение года военнослужащие будут охранять исправительные учреждения, расположенных в городе Уральск.
Пресс-службы РгК «Батыс» НГ РК