Жуырда Оралдағы «Арман» балалар аула клубында Кәсіптік білім беру лицейі оқушыларымен кездесу өткізілді.
«Болашақ — жастардың қолында» атты пікірлесу сағатының мақсаты — өскелең жас буынға біліммен биік шыңдарды бағындырып, ел болашағына қосар үлестері зор екенін түсіндіру, өз ойларын еркін айта білуге үйрету. Кеш барысында болашақ маман иелері өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. «Жастар және бүгінгі қоғам» деп аталған бірінші кезеңде оқушылар қазіргі жастардың қоғамдық орындардағы іс-әрекеттеріне, олардың ұстанымдарына қатысты өз ойларын білдірді. Ал «Елбасы Жолдауы — жас ұрпақ қолдауы» кезеңде ҚР Тұңғыш Президентінің жыл сайынғы Жолдаулары мен бағдарламаларына талдау жүргізілді. Олар биылғы Жастар жылына өз үлестерін қосатындарын жеткізді. Пікірлесу сағаты «Мәңгілік Ел» идеясы және «Жастар жылы» атты постермен қорытындыланып, жастар «Мәңгілік Ел» идеясын дамыту, жас буынмен жүргізілетін жаңашыл жұмыстар төңірегінде өз ойларымен бөлісті.
Светлана СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ,
«Арман» балалар аула клубының меңгерушісі