Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы кеден одағының техникалық регламенті сай, балаларыңызға жаңа жылдық киімдер, бұйымдар, ойыншықтар алар кезде назар аудару керек жағдайлар: ойыншық оны мақсатына сай пайдаланған кезде балалар мен оларды бақылайтын адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтіндей және тәуекелдің жоқтығын қамтамасыз ететіндей етіп әзірленуі және жасалуы тиіс.
Тұлыптар, карнавал костюмдері және карнавал ойыншықтары (мысалы, сақал, мұрт, парик, маска, тәж), сондай-ақ бала сыйатын ойыншықтар отқа төзімді болып, баланың басын толығымен жабатын герметикалық материалдан жасалған ойын маскалары мен дулығалар желдетудің жеткіліксіздігінен тұншығу қаупін болдырмауы қажет.
Қол жетімді жиектер, өткір ұштар, қатты бөлшектер, серіппелер, бекіткіштер, тесіктер, бұрыштар, шығыңқы жерлер, шнурлар, арқан мен ойыншық бекіткіштері және алынбалы бөлшектер 3 жасқа дейінгі балаларға арналған ойыншықтар, сондай-ақ тағамға тікелей бекітілген ойыншықтар жоғарғы тыныс жолдарына түспеу үшін арнайы өлшемдерге ие болып, қорғаныш және сәндік жабыны ылғалды өңдеуге, сілекей мен тердің әсеріне төзімді болуы керек. Ойыншық аларда таңбалауға мәң берілуі қажет.
Құрметті ата-ана, алдағы келе жатқан жаңа-жыл мерекесіне балаларыңызға жаңа жылдық киімдер мен бұйымдар аларда, аса мұқият болуға шақырамыз.
Т.КАБАКАЕВА,
Орал қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің бас маманы