1996 жылы 1 маусымда Батыс Қазақстан облысы, Бөкей Орда ауданы, Хан Ордасы ауылында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының азаматы. Ұлты қазақ 2014-2018 жж. Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тамамдады. 2018-2019 жж. Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Экономика» мамандығы бойынша магистратура тамамдады.
Мемлекеттік қызмет өтілі 4 жыл 6 ай. Қазіргі таңда, Деркөл кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, абаттандыру бөлімінің басшысы қызметін атқарады.
Отбасылық жағдайы-үйленбеген.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті сайлаушылар! Орал қаласы Желаев ауылдық округінің әкіміне кандидат ретінде өзін-өзі ұсыну жолымен әрекет ету туралы шешім қабылдай отырып, мен ауылда бар әлеуметтік мәселелерді шешу үшін барлық күш-жігерімді жұмсауға және мемлекеттік қызметте болған кезеңде жинақталған барлық тәжірибем мен білімімді жұмысқа қолдануға ниеттенемін.
Менің сайлауалды бағдарламам осы ауылдық округтің тұрғындарын толғандыратын бірқатар мәселелерді қамтиды;
- Ауылдық округті абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарын жандандыру.
- Ауылда кәсіпкерлік бастамаларды көтермелеу, шағын және орта бизнесті дамыту;
- Желаев ауылының аумағында тозығы жеткен авариялық трансформаторларды ауыстыру және тіректер мен электр желілерін ауыстыру.;
- Зейнеткерлер мен ардагерлерге қажетті әлеуметтік көмек көрсету;
- Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде азаматтарды жұмысқа орналастрыуға жәрдемдесу және оқыту. Ауылда жаңа жұмыс орындарын ашу.
- Кент аумағында көшелерді асфальттау.
- Салауатты өмір салтын, рухани дамуды, шығармашылық пен мәдени мұраны насихаттау.
Мемлекеттік сайлау қоры қаражатынан төленді