Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы Желаев ауылдық округі әкімдігіне КАНДИДАТ — САХАСОВ Мирлан Хабдилшапихович 

1989  жылы  6   мамырда Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Алғабас ауылында  дүниеге келген. Қазақстан Республикасының азаматы. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 2006-2010 жж Жәңгірхан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің «Өңдеу өндірістерінің технологиясы» мамандығы бойынша тамамдады. 2012-2013 жж Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің «Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану» мамандығы бойынша тәмамдады.               

Мемлекеттік қызмет өтілі 8 жыл 4 ай, жалпы қызмет өтілі 13 жыл 11 ай. Қазіргі таңда, Орал қаласының Круглоозерный кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, әкімшілік-ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің басшысы қызметін атқарады.

Отбасылық жағдайы-үйленген. 1 ұл, 3 қыз тәрбиелеуде.

САЙЛАУАЛДЫ   БАҒДАРЛАМАСЫ

 Менің сайлау алды бағдарламамның негізгі мақсаттары «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан Республикасының Президенті – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру бойынша нақты іс шаралар өткізу, тыңғылықты қызмет атқару. Мен өзімнің өмірлік және мемлекеттік қызметімде жинаған тәжірибемді пайдаланып, бар күшімді салып ауыл халқының әл-ауқатын көтеру үшін ұмтыламын;

  • Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыра отырып, мәдени-спорттық шараларды ұйымдастырып, бұқаралық спортты дамыту;
  • Ауылішілік 5 шақырымдық көше жолдарды қалалық ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімімен бірлесе отырып, жөндеуді ұйымдастырамын;
  • БҚО «Электр желілері торабы» ЖШС-мен бірлесе, Желаев ауылындағы ескі, тозығы жеткен ағаш бағаналарды жаңадан темір-бетонды бағаналарға және өзін-өзі оқшаулаған әуе желілері сымдарына ауыстыру үшін жұмыстанамын;
  • Желаев ауылдық округін көгалдандыру, санитарлық  тазалау мен абаттандыру жұмыстарын жүргізуді әрі қарай жалғастырамын.
  • Зейнеткерлер мен ардагерлерге атаулы көмек көрсету;
  • Салауатты өмір салтын, рухани дамуды, шығармашылық пен мәдени мұраны насихаттау;

Мемлекеттік сайлау қоры қаражатынан төленді

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *