1977 жылғы 25 желтоқсан Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы Переметный ауылында дүниеге келген.
1999 жыл — Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институт. 2007 жыл — Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін тәмәмдадым.
Кандидаттың сайлауалды бағдарламасы
Менің сайлауалды бағдарламам ауыл тұрғындарының білім мен денсаулық сақтау саласына оңтайлы қолжетімділігін қамтамасыз етуге, ауылдар мен қалалардағы өмір сүру деңгейінің айырмашылығын азайтуға, әлеуметтік қызметтердің сапасы мен ауқымын қалалық стандарттарға жақындатуға бағытталған. Менің басымдылығым ауыл тұрғындары үшін қолайлы өмір сүру жағдайларын жасау болып табылады, оның ішінде:
— ауылды көгалдандыру, санитарлық тазалық жұмыстарын үнемі жүргізу;
— мүгедектерге, зейнеткерлерге, ардагерлерге, тұрмысы төмен отбасыларға және көп балалы аналарға үнемі көмек көрсетіп, бақылауда ұстау;
— балалар мен жастардың бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру, салауатты өмір салтын қалыптастыруды ұйымдастыру;
— елді мекендерді заманауи инженерлік коммуникациялармен, жеке тұрғын үй құрылысы үшін қосымша учаскелермен қамтамасыз ету;
— жеке кәсіпкерлік үшін жағдайды жақсарту;
— денсаулықты жақсартуға, кәсіп пен жұмысқа тұруға мұқтаж халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсету, шағын кәсіпкерлік пен жеке кәсіпкерлікті жүргізуге жағдай жасау.
— округте мәдениет үйін салу;
— мәдени-көпшілік іс шараларын жоғары деңгейде ұйымдастыру;
— ауыл ішіне жол салу:
— Айдын көшесі,
— М.Көпбергенов көшесі,
— Жайык көшесі;
— М.Көпбергенов көшесі бойында балалар ойын және спорт алаңы құрылысын жүргізу;
— Самұрық көшесі бойында жер участкесін гүлзарға абаттандыру;
— Самұрық көшесі бойында орындықтар мен қоқыс жәшігін орналастырып, абаттандыру мақсатында сенбіліктерде пирамидальді теректер мен аласа ағаштарды отырғызуды жалғастыру;
— округ аумағындағы қоқыс контейнерлерін жөндеу;
— жаңадан қоқыс контейнерлерін сатып алып, орнату.
Құрметті сайлаушылар! Сіздердің көмектеріңізбен өзекті мәселелердің шешіміне қол жеткізуге, өмірлік мүдделеріңізді қорғауға, мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың басым бағыттарын жүзеге асыруға үміттенемін.Желаев селосын өмір сүруге және жұмыс істеуге жайлы әрі қолайлы ету, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау салаларын жақсарту мақсатында алға қойылған міндеттерді жүзеге асыруда бірлесіп жұмыс істеуге шақырамын. Біз оларға бірге жетеміз!
Мемлекеттік сайлау қоры қаражатынан төленді