Бүгінгі таңда азаматтар арасында 6 ай мерзімге банк кредиттерін және шағын несиелерді алудан ерікті түрде бас тарту сұранысқа ие қызмет болып отыр.
Қазіргі кезде үшінші тұлғалардың басқа адамдардың атына несие рәсімдейтін алаяқтық оқиғалардың жиілігіне байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалына несие мен шағын несиені рәсімдеуге тыйым салуды белгілеуге өтініштер ұлғаюда.
Бұл қызмет қазір өте танымал. Қызметалушылар, негізінен, телефон алаяқтары өздерінің шоттарының деректерін пайдаланбауы үшін несиелерді ресімдеуге тыйым салады. Кез келген адам несиелер мен шағын несиелерді рәсімдеуге өз-өзіне онлайн тыйым салуды қолдана алады. Оны eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы немесе eGov.kz порталының жаңа сервисі арқылы жасауға болады.
Енді әрбір қазақстандық несие мен шағын несие алуға өз атынан ерікті түрде тыйым сала алады. Сервиске өтінішті азаматтың өзі ғана толтыра алады. Несиелер мен шағын несиелерді алуға тыйым салу 6 айға белгіленеді және бұл мерзім аяқталғаннан кейін автоматты түрде тыйым алынып тасталады. Сондай-ақ бұл шектеулерді кез келген уақытта ерікті бас тарту қызметін көрсетуді мерзімінен бұрын тоқтатуға өтініш беру арқылы алып тастауға болады
Айта кеткен жөн, дәл осындай сервис Бірінші кредиттік бюроның (БКБ) сайтында ақылы түрде қолжетімді. «Электрондық үкімет» порталында өтініш берген кезде БКБ қызметіне жарамды өтінімнің бар-жоғына тексеру жүргізіледі. Мысалы, егер бұрын ол жерде сұрау болмаған болса, онда тыйым салуды орнатуға өтініш беру керек. Сұраныс болса, оны тоқтау (қалауы бойынша) болса, оны тоқтату туралы өтініш беруге болады.
Несие алудан ерікті бас тарту қызметі eGov mobile мобильді қосымшасының басты бетіндегі «Танымал қызметтер» бөлімінде қолжетімді. Дәл осы қызметті eGov.kz порталының «Азаматтарға» — «Кеден және салықтар» — «Экономика және қаржы» бөлімінен алуға болады.
Айта кетейік, бұл сервис жеке тұлғаның банктік қарыздар мен микрокредиттерді алудан ерікті түрде бас тартуды жою құқығын біріктіруді көздейді және қарыз алушының несие тарихында несие алудан ерікті түрде бас тарту туралы мәліметтер болған жағдайда, банктер мен микроқаржы ұйымдарына жеке тұлғаға несие беруге тыйым салуды енгізуге әзірлеген заңнамалық актілерге түзетулер шеңберінде жүзеге асырылды.
Бұл ретте мыналарды ескеру қажет:
- сервис үшінші тұлғалардың несие алу мүмкіндігін мүмкіндігінше шектейді, қаржы институттарын азаматтың несие беруге тыйым салынғаны туралы хабардар етеді, бірақ несиенің берілмеуіне толық кепілдік бермейді;
- жеке тұлғаның өтелмеген міндеттемелері/ белсенді қарызы бар қаржы институттары ол туралы ақпаратты сұраған кезде бұл жеке тұлғаның несиелерді өңдеу үшін оның деректеріне қол жеткізуді шектегені туралы қосымша ақпаратты алады;
- несие беру туралы шешімді несие беруші дербес және өз қалауы бойынша қабылдайды;
- сұралған несиелік өтінімдердің мәліметтерін пайдаланушы Бірінші несиелік бюроның www.1cb.kz сайтындағы жеке кабинетінде көре алады.
Аталған сервис ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер Комитетінің, Бірінші кредиттік бюро және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ақпараттық жүйелерінің интеграциясы арқасында қолжетімді болды.