Ет мүшелерінің атаулары.
- Бас. Ірі қарада екі шеке
- Жақ. Қой ешкіде тілмен тұтас жүреді, ірі малдың жағы екіге айырылып, тілі бөлек мүше саналады.
- Жақ ет, ұрт ет. Ірі қараларда бөлек алынады, көбінесе қуырдаққа пайдалынылады.
- Мойын. Алты буын. Бұл қонаққа, сыйлы адамдарға арналған табаққа салынбайды.
- Мойын ет. Ірі қарада бөлек салынып алынатын ет, көбінесе қуырдақ қуырылады.
- Бұғана. Екі жақта үш талдан алты тал. Мүше орнына салынады.
- Қара қабырға. Алты тал. Мүшелермен бірге әр уақытта табаққа салына береді.
- Сүбе. Етіменен алынған алты қабырға. Таңдаулы мүшелердің бірі.
- Қазы. Семіз жылқыдан 20-ға жуық қазы айналдырады, кейбіреуі қабырғасыз, басқа малдың ішегіне айналдырады.
- Төс. Қыз – күйеулер үшін таңдаулы мүше.
- Төс ет. Жылқы, сиырда осылайша айтылады. Көбінесе қуырдақ жасалады.
- Төстік. Қойда осылай аталады. Терісеімен істікке шаншып отқа қақатап құйқасымен жейді.
- Ауыз омыртқа. Соғым сойған күні табаққа салынады немесе мал сойған кісіге шикідей беріледі.
- Кәрі жілік. Қолда болады,жілік мүшелеріне кіреді. Қыз балаға берілмейді.
- Ортан жілік. Жұмыр жілік деп те аталады.Қолда болады мүшелік жілік.
- Асық жілік. Санда болады, соңғы таңдаулы мүше.
- Тоқпан жілік. Санда болады, ең етті жілік.
- Жамбас. Ірі малдың әр жамбасын міндетті түрде екіге бөліп асады. Қойдың ешкінің, жамбасы тұтас асылады. Ең таңдаулы мүше.
- Жая. Жылқының жауыр еті, оны сүрлейді қақтап кептіруге болады.
- Белдеме. Қой, ешкіде бел омыртқа, ірі қарада жалпақ омыртқа деп аталады, таңдаулы мүше қатарына жатады.
- Мойын омыртқа. Отбасының өзі жейді.
- Ұзын омыртқа. Арқа омыртқа деп те аталады, сүрленеді, қонаққа салынады.
- Жүрек. Көбінесе қыз баланың сыбағасы.
- Үлпершек. Жүрек қабына толтырылған, шұжық тәрізді май, кесек ет.
- Бауыр. Майлы өкпеге қосып жеуге жақсы. Оны қатырмай пісіреді, қуырады.
- Көк бауыр. Талақ деп те аталады. Асып та, қуырып та жейді.
- Бауыр ет. Ірі малда бөлек салынып алынады. Асып қақтап жеуге қуыруға, қосуға пайдаланады.
- Бүйрек. Балалар сыбағасы саналады.
- Ұлтабар. Ұсақ малдың таңдаулы, ең майлы мүшесі.
- Қата. Жылқы малының ең таңдаулы мүшесінің бірі.
- Қима. Сиырдың майымен айналдырып, шумақтаған тоқ ішегі.
- Тоқ ішек. Тоқ ішектің соңғы ұшы майлы болады, бірақ қонақтың табағына салынбайды.
- Ащы шек. Өкпе – бауырға қосып қуырылады.
- Желін. Шап майымен бірге алынап сүрленеді.
- Қарын. Қойдың етімен бірге табаққа түседі, қуырылады да, жылқы қарны қарта орныныа да жүреді.
- Өкпе. Қуырдаққа жарамды, оны пісірерде көп қайнатады, қонақтың табағына салынбайды.
- Жал. Жылқы етінің таңдаулы мүшесі. Ол көбінесе сүрленеді.
- Сирақ. Қой – ешкінің (кейде тайыншаның)сирағын үйтеді. Балалар сыбағасы.
- Бүйен. Ертеректе май, ет тығып өсіп, түйрек, жұмыр дейтін тағамдар жасаған. Қыз – келіншектер сыбағасы.
Еттен табақ тарту дәстүрі. Табаққа салынатын ет мүшелері.
- Бас табақ. Бас, жамбас салынады. Басты мал арнайы сойылған қонақтың ең жасы үлкені немесе оның ұсынуы бойынша басқа бір белді кісі ұстайды.
- Сый табақ. Сый табаққа да бас, жамбас салынады, сыйлы қонақтың алдына қойылады.
- Орта табақ. Асық жілік, кейде жамбас та түседі.
- Аяқ табақ. Еттің басқа мүшелерінен жасалып, ауыл адамдарына қойылады.
- Күйеу табақ. Күйеу табаққа бір сан жілік пен төс аслынады.
- Келін табақ.(беташар табағы) Келін табаққа ұлтабар және жүрек салынады.
- Қыздар табағы. Қыздар табағына жүрек, бүйрек, жағы мен тіл салынады.
- Құдағайлар табағы. Құдағайлар табағында жамбас немесе асық жілік пен сүбе болады.
- Жерік асының табағы. Екі қабат әйелдерге арнап мал сойып, тамақ жасап жерік асын апарған. Жерік асының табағына кексе әйел болса жамбас, жас әйел болса асық жілік, төс, ұлтабар салынып үстіне жаңа соғылған болат кездік (пышақ) салып апару салты болған.
Сүт тағамдары: 1.Айран. 2.Қаймақ. 3.Құрт. 4.Қымыз. 5.Сүзбе. 6.Сүт. 7.Шұбат. 8.Ірімшік.
Ет тағамдары. 1.Әсіп. 11.Ет қошын. 2.Бас. 12.Қазы. 3.Борша – кіме. 13.Қарта. 4.Бұжығы. 14.Қимай. 5.Бітеу. 15. Қуырдақ. 6.Жал. 16.Қыранбөрте. 7.Жау – жұмыр. 17.Мипалау. 8.Жая. 18.Сырбаз. 9.Жөргем. 19.Үлпершек. 10.Ет. 20. Шұжық.
Сорпа тағамдары: 1.Жас сорпа. 2.Кәкірім.3.Қалжа.4.Тармы.5.Нарын.
Ұн тағамдары: 1.Бауырсақ. 2.Бөкпен. 3.Бүкпелер 4.Быламық. 5.Жайма. 6.Нан.
Дән тағамдары: 1.Боза. 2.Бадырақ. 3.Жарма. 4.Майсөк. 5.Палау. 6.Сүркүріш 7.Талқан. 8.Тары көже.
БҚО қоғамдық даму басқармасының Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «отбасылық құндылықтар мен ұлттық дәстүрлерді насихаттау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу»жобасы шеңберінде