АҚПАРАТТЫ ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасы ауданының, облыстық маңызы бар қаласының әкімдігіне кандидаттың сайлау үшін үгіт материалдарын және сайлау алдындағы ақпараттары орналастыру және үгіт материалдарын өндіру бағалары

  1. Кандидаттардың үгіт-имидждік материалдарын «Пульс» газетінде жариялау: — түсті парақта шаршы сантиметр үшін 150 теңге, қара беттері — 100 теңге құрайды. Ал puls-zko.kz сайтта жариялау көлемі — белгілері 3000-нан  көп емес – 10 мың теңге.

Қосымша тиражға тапсырыс беру кезінде газеттің бір данасының құны 70 теңгені құрайды.

Кандидаттардың  үшін кепілдендірілген екі тілде өмірбаяны, бағдарламалары мен фотосуреттерін газетке жариялау — 540 шаршы сантиметр;

  1. Кандидаттардың үгіт-имидждік материалдарын facebook и instagram әлеуметтік желерінде «Пульс» аккаунтарында жариялау:

пост —  5 000 теңге, сторис – 7 000 тенге құрайды.

  1. Үгіт материалдарын шығару:

50 данадан плакаттарды басып шығару: А3 жылтыр қағазға — 300 теңге;

A4 — 250 теңге;

Екі жақты буклеттер А4 -250 теңге;

А5 (парақшалар, ашық хаттар) — 100 теңге;

А6 (күнтізбелер) — 35 теңге;

Үгіт материалдарын орналастыру және дайындау Үміткермен және Сенім білдірілген адамның ынтымақтастық туралы келісім-шарт негізінде, күні, көлемі мен мерзімдері көрсетілген жазбаша өтініш негізінде жүзеге асырылады. Хатқа көшірмелері:

— үміткердің жеке басын куәландыратын құжат,

— кандидат ретінде тіркелгенін растайтын құжат,

— сенім білдірілген адамдар үшін — кандидаттан адамның өкілеттіктерін растайтын құжат және жеке басын куәландыратын құжат.

Төлем келісім-шартқа қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде шот-фактура бойынша 100% аванстық төлем түрінде жүзеге асырылады.

«Пульс» газетінің редакциясы конституциялық құрылысты күштеп өзгерту, Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзу, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, таптық және кландық араздықты қоздыру, қатыгездік культі мен зорлық-зомбылық, сондай-ақ заңда көзделмеген әскерилер құру жәйлі баспа кеңістігін ұсынудан және үгіт материалдарын шығарудан бас тартады.

«Пульс» газетінің редакциясы, егер материалда басқа Үміткерлердің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін мәліметтер болса, үгіт материалдарын жариялаудан және дайындаудан бас тартуға құқылы. Осы материал ұсынылған кандидат редакциялық комиссияның талабы бойынша үгіт материалдарында көрсетілген сипаттағы мәліметтерді растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.

Үгіт материалдарын ұсынған кандидаттар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласындағы талаптарға сәйкестігі үшін жеке жауапкершілікте болады.

Осы хабарламада көрсетілген шарттар мен тәртіп бұзылған жағдайда, сондай-ақ тиісті келісімнің талаптары бұзылған жағдайда үгіт материалдарын жариялау және дайындау жүзеге асырылмайды немесе бұзушылықтар жойылғанға дейін тоқтатылады.

Осы хабарламада көрсетілген қызметтерді көрсету шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін.

Қосымша ақпарат алу үшін келесі номерлерге хабарласу болады:  8 701-172-37-35, 8-747-991-35-91.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *