Таза қаланы бірге жасайық!

Көктем айы басталысымен жыл сайын тазалық жұмыстары қолға алынады. Осы орайда Орал қаласы аумағында тазалау және абаттандыру шараларын жүзеге асыру мақсатында 2023 жылдың наурыз айының 25 және сәуір айының 1, 8, 15, 22, 29 күндері қала әкімнің қаулысымен Санитарлық-экологиялық айлық жарияланды.

Айлық аясындақала кәсіпкерлері мен тұрғындарына қала мен елді мекендердің аумағын абаттандыру және күтіп ұстау бойынша келесі үлгілік қағидаларының бар екенін еске саламыз:

  • жеке және заңды тұлғалар барлық аумақта, оның ішінде жеке үй иелері аумақтарында тазалықты сақтайды және тәртіпті қолдайды;
  • дербес өз қаражаты есебінен немесе ұйымдармен шарттар жасасу жолымен бөлінген аумақты санитариялық күтіп-ұстауды және абаттандыруды қамтамасыз етеді;
  • объектілердің меншік иелері жапсарлас аумақтарда (автотұрақтар, боксты гараждар, ангарлар, қосалқы қойма құрылыстары, ғимараттар, сауда және қызмет көрсету объектілері) санитариялық тазалауды және жинауды қамтамасыз етеді;
  • бұл ретте іргелес аумақ – ғимараттар, құрылыстар, қоршаулар, құрылыс алаңшаларының, сауда, жарнама объектілеріне және жеке немесе заңды тұлғалардың балансындағы, меншігіндегі, иелігіндегі, жалға алуындағы басқа объектілер шекараларына тікелей (периметрі бойынша 5 метр шекарадағы) жанасып жатқан аумақ;
  • аялдама кешендерін және қоғамдық жолаушылар көлігінің аялдама алаңында оларға іргелес аумақтарды жинауды және жууды олардың иелері жүзеге асырады;
  • су ағатын желілерде ластануды болдырмау үшін су ағатын коллекторларға, жауын суын қабылдайтын құдықтарға және арық жүйесіне қоқыстардың тасталуына жол берілмейді;
  • контейнерлерге және контейнерлік алаңдарға тек коммуналдық қалдықтарды тастауға және жинауға жол беріледі;
  • вокзалдарда, базарларда, әуежайларда, саябақтарда, демалыс аймақтарында, алаңдарда, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінде, көшелерде, қоғамдық жолаушылар көлiгі аялдамаларында, сауда объектілерінің кіреберістерінде қоқысқа арналған құтылар орнатылады;
  • ғимараттар мен құрылыстардың меншік иелері объектілердің қасбеттерін қалпына келтіру, жөндеу және бояу бойынша жұмыстарды уақтылы жүргізуді қамтамасыз етеді.

Бұл тұрғыда тек заңнамалық шектеулер жеткіліксіз. Тазалық сақтау, қоршаған ортаның ластанбауы – денсаулық кепілі. Сондықтан тазалық, абаттандыру, көгалдандыру мәселесін әрбір жекелеген тұрғын міндетім деп санап, тазалықты өзінен, өз ауласынан бастаса деп ойлаймыз. Бұл қоғамға жасалған, түптеп келгенде өзімізге, ұл-қыздарымызға жасалған қамқорлық!

Г. ҚОСЫМОВА,
«Орал қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ-нің жетекші маманы

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *