Құрметті әріптестер, қымбатты Орал қаласының тұрғындары!
Барлық деңгейдегі депутаттарды сайлауға бір айдан аз уақыт қалды. Мен осы сайлауға түсіп, сіздермен ортақ әл-ауқатымыз үшін жауапкершілікті бөлісуге , сізді толғандыратын мәселелерді талқылауға, оларды шешу мақсатында әрекет ету және сізге, қымбатты жерлестер, өз еңбегімнің нәтижелерін ұсынуға дайын болғандықтан сайлауға үміткер болып түсіп жатырмын
Мен сіздердің назарларыңызға «Мемлекеттің басты байлығы-адам»болатын сайлауалды бағдарламаны ұсынғалы отырмын. Менің осындай әдістерім «Халық үніне құлақ асатын Мемлекет»қағидатын ұстанатын әділ Қазақстанды құру идеясына сәйкес келеді деп санаймын. Бұл бағдарлама қаланың әр тұрғынына туған қаланың даму перспективасын көруге және ертеңгі күнге сенімді болуға мүмкіндік береді. Әр адам үшін отбасы, денсаулық, білім, жұмыс және лайықты табыс, қауіпсіздік өте маңызды. Егер сіз маған қалалық маслихатта мүдделерінізді қорғауға сенім білдірсеңіз,бұның бәріне бірге қол жеткізе аламыз!
Менің мақсатым — туған қаламыздың тұрақты және сенімді болашағы, әрбір тұрғынның қаламыздың өміріне кепілді қатысуы, азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мәдени, рухани және білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру, сапалы медициналық, тұрғын үй-коммуналдық және тұрмыстық қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету.
Мен, қала тұрғындарының өмірін жақсартатын сауатты шешімдер мен нормативтік актілерді қабылдау үшін;
сайлаушыларға олардың заңды мүдделерін қорғауға көмектесу үшін;
біздің қаламыздың игілігне жұмытанғысы келетін және жұмыс істей алатын барлық адамдармен ынтымақтастықта болу үшін сайлауға түсіп жатырмын.
- Қызметтің басым бағыттары:
- Азаматтар мен билік өкілдері арасында сенімді қарым-қатынас орнатуға ықпал ету.
- Қаланың спорт алаңдарын жаңарту: спорт алаңдарын (футбол, баскетбол, теннис) қайта құру, жарақтандыру.
- Қаладағы балалар алаңдарын қауіпсіздіктің ең жоғары талаптарына жауап беретін жекелеген заманауи элементтермен жарықтандыру.
- Әлеуметтік қолжетімді бағадағы дәріхана ашуға жәрдемдесу.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы аяусыз күрес жүргізу.
- Жолдардың күрделі жөндеу жұмыстарын бастап, олардың сапасын жақсарту.
- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты басқару жүйесін жетілдіру және азаматтарды жылумен, электрмен, газбен және сумен жабдықтаудың сапалы қызметтерімен қамтамасыз ету. Оларды есепке алудың заманауи жүйесін енгізу. Барлығы нақты тұтынылатын қызметтері үшін ғана төлейтін болады..
- Балалар мен жастардың бос уақытын ұйымдастыру үшін қалыпты жағдай жасау, клубтар мен спорт секцияларының желісін кеңейту.
- Жас ұрпаққа рухани және патриоттық тәрбие берудің рөлін арттыру бойынша нақты шараларды жүзеге асыру.
- Кәсіпкерлердің жұмысын жандандыру, инвесторларды тарту және жаңа жұмыс орындарын құру жөнінде шаралар қабылдау.
- Жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен кәсіпкерлер арасындағы өзара іс-қимылдың бірыңғай айқын және қарапайым қағидаларын белгілеуге ықпал ету.
Қаламыздың болашағын бірге құрайық!
Изгі тілекпен, Мамедов Наджаф Мирзага оғлы
Республикалық бюджет қаражатынан төленді