Орал қалалық мәслихатының депутатығына үміткер

ИСМАҒҰЛОВ НУРБУЛАТ АЙДЫНҒАЛИҰЛЫ  КАНДИДАТТЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

 Құрметті жерлестер!

      Біздің басты мақсатымыз – әділ Қазақстан Құру болғандықтан мен өзіме,  қалалық мәслихат депутаты ретіндегі шешкім келетін, бірқатар міндеттерді қойдым.

    Орал қалалық мәслихатының депутаттығына үміткер бола отырып, біздің округтың, атап айтқанда Орал қаласы Зачаганск кентінің тұрғындарының өзекті мәселелерін шешу үшін, бар күш-жігерімді, тәжірибем мен білімімді саламын. Өзі өмірбаянымды айтатын болсам

 1968 жылы 18 қазанда   Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы «Сүттігенді» ауылында дүниеге келдім.

1986 жылы  Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданының  Еңбек  ауылындағы  С. М.  Калинин атындағы орта мектепті бітірдім.  1986-1988 жылдары  Кеңес Армиясы қатарында болдым. 1989 жылы  Еңбек совхозында механизатор болып жұмыс істедім. «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1992 жылы техникумды «инженер — механик»біліктілігімен бітірдім.  Еңбек жолымды   Батыс Қазақстан облысы  Ақжайық ауданы «Еңбек» совхозында техника және қауіпсіздік инженері болып бастадым.

1993-1995 жылдары БҚО Ақжайық ауданы «Еңбек» совхозы

директорының жастар  жөніндегі орынбасары, директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары болып жұмыс істедім.

1995-1997 жылдары Еңбек ауылы әкімінің орынбасары болып  қызмет жасадым.

1997  жылы «Исмагулов»жеке шаруа шаруа қожалығын аштым.

1998 жылы БҚО. Теректі ауданы «Яик» ауылындағы диірмен директоры болып жасадым.

2001-2008 жылдары  «Исмагулов»жеке шаруа қожалығының директоры болып . Мал өсіру мен егін салумен айналыстым. Қарамағымды 60  адам  жұмыс жасады. 2008-2013 жылдары «Өрт қорғау»  директоры болып жасадым.

2013-2018 жылдарда өзім құрған «БатысСервисПлюс» ЖШС-нің  директоры болып жасадым. Мекеме өртке қарсы қызметпен айналысады.

170 адамды жұмыспен қамтыдым. 2014 жылы  Нысан қорғау» ЖШС –аштым. Мекеме облыс және қала аумағындағы нысандарды күзетумен  айналысады. 230 адамды жұмыспен қамтылған.

Осы екі мекеме қызметкерлерін арнаулы жұмыс киімдерімен қамтамасыз ету мақсатында және  басқа мемлекеттен жұмыс киімдерін алмау үшін, жергілікті  өндірісті қолдау мақсатында арнаулы жұмыс киімдерін тігетін тігін фабрикасын  аштым. Бұл тігін фабрикасында мүмкіндігі шектеулі жандар жұмыс жасап жатыр.

2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Нысан қорғау» ЖШС,  тігін фабрикасы, «БатысСервис Плюс»ЖШС құрылтайшысымын. Барлық қомпаниям осы Зашаған кентінде орналасқан. 500 жуық адамды қызметпен қамтамасыз етіп отырмын.

2006 жылы  Жәңгір атындағы Батыс Қазақстан аграрлық – техникалық университетіне  «Мұнай- газ » мамандығы бойынша бітірдім.

2006 жылы Алматы энергетика және байланыс институтына «Радиотехника» мамандығы бойынша оқуға түсіп,  «байланыс инженері» мамандығын алдым

 2022 жылдың қыркүйек айынан бастап  жаңа жоба  «НУР -ЕР» ат спорттық туристік орталығын  аштым. Ол туралы баяндамамда  тоқталып өтемін.

Үйленгенмін, 3 ұлы тәрбиелеп, өсірдім.

 

Енді өзімнің бағдарламама  тоқталатын болсам:

 Сарытау, Арман және Кендала шағын аудандарында санитарлық тазалық пен тәртіпті сақтау, аулаларды абаттандыру және жарықтандыру, жолдар мен тротуарларды жөндеу Зашаған кентінің басты проблемасы болып тұр.

  1. Сарытау, Арман және Кендала шағын аудандарындағы жалпы ұзындығы 76 км жол бар, оның ішінде 34, 3 км асфальтталмаған жолдар, сол жолдарға асфальт төсеу және жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет.

Зашаған кенті әкімдігімен бірлесіп алдағы уақытта кенті жол жөндеу бойынша  мынандай жұмыстар жоспарлануда:

Жерұйық  көшесі, Мөңкеұлы көшесіне, Баянсулу көшесі, Ақан сері көшесіне, Дауылбаева – Буйрин көшесіне, Сатбаев көшесіне, Аккозы батыр  көшесі жолдарына  асфальт салынады. Жобасы бар. Экспертизден өтіп тұр.  Енді облыстан қаражат мәселесінің шешілуі күтілуде. Айтқұлов, Байтұрсынов, Брусиловский, Құлагер көшелері жолдарына шұңқырлық жол  жөндеу жұмыстарын  жүргізу жоспарлануда.

  1. Зашаған кенті тұрғындары үшін (мектептер, балабақшалар, дүкендер мен әлеуметтік мәдени тұрмыстық объектілер) қолайлы өмір сүру жағдайларын жасауға және барлық қажетті инфрақұрылымды одан әрі дамытуға жұмыстанамын;

   Сарытау, Арман және Кендала шағын ауданында адам өмірін қажеті:  емхана, аурухана, балабақшаларды, мектептерді, мәдениет үйлерін,  стадиондар, алаңдар, велосипед жолдары, саябақтар, скверлер, балалар алаңдары, асханалар, кафелер, мейрамханалар,  ателье, шаштараз салу мәселелерін шешу және басқа да көптеген сұрақтарды қамтамасыз еткім келеді.

Зашаған кенті аумағының өсуі, кент халқының соның ішінде мектеп жасындағы балалардың көп болуы мектептердің 3 ауысымда оқуына  әкеліп отыр, сол сұрақты шешу мақсатында Зачаганск кентінен 3 мектеп салынады деп жоспарлануда. Осы жоспарлардың жүзеге асуына қолдау көрсетемін

Пост аялдамасынан бастап, Айткулова көшесіне дейін жол бойына халық демалатын демалыс аймағы жасау жоспарлануда  арықтар жүргізіліп, велосипед жолдары, жаяу серуен жолдарының жасалуына, Зашаған кенті халқының демалыс орнынының жасақталуына өз көмегімді көрсетемін.

  1. Құқықбұзушылықтың алдын алу, аумаққа жауапты полиция қызметін жандандыру, қоғамдық тәртіп пен тыныштықты бұзатын азаматтарды қатаң бақылауға алу, біздің балаларымыздың қауіпсіздігін сақтау басты проблема.

Кент көшелеріне тек жарық емес, кент халқының, балалардың қауіпсіздігі үшін қажеті жерлерге бейнебақылауды  көптеп қоюды қолға аламын.

  1. жастардың бос уақыты мен жұмысқа орналасу мәселелерін шешуге жәрдемдесу керек, өйткені жастар біздің болашағымыз, жұмыссыздық пен салауатты өмір салтының болмауы жастардың жаман жолға түсуіне, отбасын құрып, қалыпты деңгейде өмір сүруіне, ұрпақ тәрбиелеуіне кедергі. Сондықтан Кендала шағынауданында жаңа спорт алаңдарын жабдықтау; Арман шағынауданында балалар – спорттық кешенін салу жоспарлау, №6 емхана аумағынан спорттық – балалар алаңын салынуы басты жоспарымда болады.
  2. Сарытау шағын ауданының тұрғындарын тасымалдауды қамтамасыз ететін тұрақты қалалық маршруттардың жүру мәселесі әлі оң шешімін таппай келеді, бұл тұрғындар тарапынан жиі наразылық туғызады, атап айтқанда оқу жылы кезінде автобустарда орын болмайды, аталған шағын аудан тұрғындары үшін ыңғайлы көліктік жол айрығы жоқ.

Зашаған кенті әкімдігін ұсынысын, осы кент ішіне автобустар жүргізу идиясын алдағы уақытта жүзеге асыруға қолдау көрсетемін. Кент халқы мектепке, емханаға, балабақшаға, жұмысқа бару үшін қаладан келетін автобусты күтіп сарылмайтын болады. Кент ішінде жүретін автобус осы кенттің шағын аудандары Балауса, Сарытау, Көктем, Арман, Құс фабрикасы халқы үшін қолайлы болар еді.

  1. Сарытау шағынауданының дұрыс сызбасы жоқ, барлық көше атаулары мен үй нөмірлері толықтай сызбаға енгізілмеген, бұл почтаны тасымалдауға және авариялық қызметерге, атап айтқанда полицияға, жедел жәрдемге, үйге дәрігер шақыруға  қоңырау шалу кезінде үлкен проблемалар туғызуда,  сол проблеманы шешу керек.
  2. Орал – Саратов трассасынан бастап, Орал – Атырау трассасының бойында жатқан Брусиловский көшесінің қараңғы болуы  қыс кезінде оқушыларға қиындық туғызып отыр, сол себепті жарық жүргізуді жүзеге асыру керек.
  3. Қаңғыбас иттерді уақытша ұстауға арналған, қосымша питомниктер құру.

Қазіргі кезде көп айтылып жүрген мәселе  көшеде бұралқы иттердің көп болуы, қыс кезінде, қараңғылық уақытында кент тұрғындарының,  мектептен қайтқан балалардың өміріне қауіп тудыруда. Сондықтан осы мәселенің шешілуін, кент әкімдігімен бірлесіп қолға алу керек деп ойлаймын.

  1. Зашаған кенті тұрғындарын сумен қамтамасыз өзекті мәселердің бірі, Орал қаласынан тартылған ауыз су Зашаған кенті халқын толықтай қамтамасыз ете алмай отыр, сол үшін суды Камен топтық су құбырынан тартылу жоспарлануда. Сол өзекті мәселенің жүзеге асуына қолдау көрсетемін.
  2. Негізгі Зашаған кентіндегі жалғыз №6 емхана толықтай халықты қамтамасыз ете алмай отыр, сондықтан алдағы уақытта жаңа емхана құрлысы салуға ұсыныс білдіремін.
  3. Зашаған кентіне қатты тұрмыстық қалдықтарды жинайтын алаң жетіспейді, өйткені Зашаған кенті күн санап өсуде, сондықтан қатты тұрмыстық қалдықтарды жинайтын жаңа алаңдардың жасақталуын, соның ішінде сұрыптап, бөлек жинауды қарастыру керек.
  4. 2022 жылдың қыркүйегінен бастап «Нұр- Ер» ат спорттық туристік орталығын аштым. Зашаған кенті халқы үшін демалыс орнын ашу және ұмытылып бара жатқан ат спорттық ойындарын жаңғырту көптен ойымда жүрген мақсаттардың бірі болатын. Өздерініңіз білесіздер, қазақ атты қасиетті санаған, аттың үстінде жүру бір жағынан денсаулық үшін де, өте пайдалы. Сондықтан осы орталыққа балалар келіп атқа мініп, ұлттық ат спорттық ойын түрлерін көкпар,аударыспақ, теңге алуды, садақ тартуды үйренуде. Сонымен қатар қаладағы мүмкіндігі шектеулі балалардың  атқа мініп, емделуіне де, ипотерапияға орталықта жағдай жасалынған. Өсіп келе жатқан ұрпаққа тәрбие беру, салауатты өмір салтын насихаттау, жастарға ұмытылып бара жатқан салт- дәстүрімізді үйрету – менің азаматтық парызым деп білемін. Өздеріңіз білесіздер жасөспірімдердің арасында темекі тарту, мектепте электронды темекі тарту қазір көптеп кездеседі. Мектеп жасынан бастап, осында зиянды заттармен айналысса, болашақтың тағдыры қалай болмақ?. Сондықтан балдарыңыз  бос уақытын ат спорттымен айналыссын десеңіз, Нур –Ер ат спорттық орталығының есігі әрқашанда ашық.

 

Құрметті сайлаушылар!

 Сіздің қолдауыңызбен  бірлесіп округтің өзекті мәселелерін сәтті шеше алатынымызға сенімдімін!

Депутаттық қызмет өзара түсіністік пен сенімге негізделуі тиіс. Мен сайланған жағдайда барлық маңызды мәселелер бойынша өз сайлаушыларыммен кеңесемін.

Халық сеніп, халық қалаулысы болған жағдайда осы мәселердің жүзеге асуына  қолымнан келгенше еңбек етемін.

 Ер парыз – елге қызмет ету. Менің алдыма қойған мақсатым халқыма қызмет ету. Қарапайым отбасына шыққан азамат болғандықтан, әрбір жанұяның жағдайы өзіме таныс деп ойлаймын. Осы күнге жеткен әр жетістігім, өз еңбегіммен келді. Бүгінгі таңда 500 адамды жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отырмын. Алдағы уақытта да, жасайтын жоспарларым бар. Бастаған ісімді аяқсыз қалдырмаймын. Осы күнге дейін өзім үшін қызмет жасасам, алдағы уақытта елім үшін қызмет жасағым келеді. Тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет!

Республикалық бюджет қаражатынан төленді

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *