Өртеген қоқысты қараусыз қалдырмаңыз

Көктем кезінде елді мекендер аумағында құрғақ шөп пен қоқыстың тұтану жағдайлары көп кездеседі.

Осындай жағдайлар әдетте қоқысты бір жерге үйіп, оларды өртеу кезіндегі талаптарды бұзу салдарынан туындайды. «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 16 қаңтардағы №14 Қаулысына сәйкес, қоқысты жағу тек ашық аумақтарда, желсіз күндерде әр түрлі ғимараттар, құрылымдар және сақталған материалдардан 50 метр қашықтықта және алғашқы өрт сөндіру құралдары (өрт сөндіргіш, су) болған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Қоқыс жағылатын алаң құрғақ шөп пен жапырақтардан тазалануы керек. Қоқысты тек күндізгі уақытта тұрақты бақылау болған жағдайда жаққан жөн. Қоқыс жағылғаннан кейін отқа су құйылып, мұқият өшірілуі тиіс. Өшірілмеген отты қараусыз қалдыруға тыйым салынады.

Ашық алаңдардағы қоқысты бақылаусыз жағу үлкен апатқа соқтырады. Ауланы тазарту үшін ауладағы қоқысты жағып, оны бақылаусыз қалдыру салдарынан сіз айналаңыздағы қаншама затқа орасан зиян әкелетініңізді түсінгеніңіз абзал. Өрт салдарынан адам өміріне де қауіп келетінін ескеріңіз. Ауладағы көктемгі тазалау жұмыстарын атқарған кезде және табиғат аясында демалғанда ашық отты пайдалану кезінде аса сақ болыңыздар.

Егер аталған жағдай орын алса, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексінің 336-бабына сәйкес (Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды жинап қою қағидаларын бұзу, көрсетілген қалдықтарды жағу кезiнде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды сақтамау) ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға — үш, лауазымды адамдарға — жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға — қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне — жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз жиырма айлық есептiк көрсеткiш (2019 жылғы айлық есептiк көрсеткiш — 2525 теңге) мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады) азаматтар мен лауазымды тұлғалар айыппұл түріндегі əкімшілік жауапкершілікке тартылады.

БҚО ТЖД мемлекеттік тіл жəне ақпарат тобы

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *