Балалар қауіпті іздемейді – олар жай ғана ойнайды

Көптеген балалар өз әрекеттерінің қауіп төндіретінің, отпен және өрт қауіпті заттарды пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде білімдері жеткіліксіз болып қауіпті жағдайлардың құрбаны болып жатады. Азаматтық қорғау қызметкерлерінің алдарына қойылатын міндеттердің бірі – ол адамдардың өз қауіпсіздігіне деген қарым-қатынасы мен түсінігін өзгерту, ал балалық шақ – ТЖ кезіндегі әрекет ету ережелеріне дағдыланудың ең тиімді шағы.

Осыған орай, облыс аумағындағы балаларды өрт қауіпсіздігі ережелеріне үйрету мақсатында Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері облыстық Білім басқармасымен бірлесіп оқушылардың өз өмірін қорғау біліктіліктері бойынша нұсқаулықтар, дәрістер және интерактивті сабақтар өткізеді.

Балаларға мектептен бөлек үйде де өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіріңіздер. Өрт немесе жану белгілері (түтіндеу, жоғары температура, күйік иісі және т.б.) анықталған кезде кез келген жастағы бала дереу үй-жайдан кетуі тиіс екендігін, сондай-ақ «жасырылғанның бәрі қызық» дегендей балаға жай «Болмайды!» деп тыйым салғаннан гөрі сіріңке қорабындағы қауіпті айтып түсіндірген жөн.

Балалардың осы кеңестерді есте сақтауы өте маңызды. Өзіңіз үлгі болып өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға үйретіңіз. Үлкен қамқорлықпен ғана біздің балаларымыздың отпен ойнауынан болатын өрттердің алдын аламыз, өз үйімізді, мүлігімізді және ең қымбатын – балаларымыздың өмірін сақтай аламыз.

Балалардың отпен ойнауынан болатын өртті болдырмау үшін не істеу керек:

балаларға өрт қауіпсіздігі туралы айтыңыз;

өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаумен байланысты барлық жағдайларда үлгі болыңыз;

сіріңкені балалардың қолы жетпейтін жерге қойыңыз;

балаларға пештерді, газ плиталарын жағуды, электр тұрмыстық құралдарды өз бетімен қосуды тапсырмаңыз;

балалардың от жақпауын (тұтатпауын) қадағалаңыз;

балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдырмаңыз;

балаларға қызықты бос уақытты ұйымдастырыңыз.

М. ЖУМАГАЛИЕВ,
БҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, азаматтық қорғау майоры

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *