NIS-те бағалаудың білім беру сапасындағы рөлі талқыланды


Назарбаев Зияткерлік мектептерінің «Жаңа жағдайдағы білім беру» жобасы аясындаПедагогикалық өлшемдер орталығы өткізген үшінші дөңгелек үстелі еліміздің түкпір-түкпірінен мыңға жуық мұғалімді жинады

Кездесу бағалау процесі туралы педагогтердің өзекті сауалнамасынан басталды. Алғашқы нәтижелер мұғалімдердің басым көпшілігі (бестен төрт бөлігі) бағалау білім берудің нақты сапасын көрсетеді деген сенімін айқындады. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова сапалы әрі нақты баға оқушының дамуына, өзінің күшті немесе әлсіз тұстарынтүсінуге, сондай-ақ мамандық таңдауға және жалпы болашағын анықтауға әсер ететінін атап өтті:

– Бағалау «Мен және тұжырымдама» ұғымының қалыптасуына, яғни оқушының өзі туралы түсінігіне әсер етеді. Мұғалімнің бағалауы, сыныптастар мен ата-ананың реакциясы өзін-өзі бағалау деңгейін арттырады. Оқушының бағалаудағы «Мен» ұғымынақанағаттануы өзінің жеке маңыздылығы мен әл-күшін, барабарлығы мен пайдалылығын сезінуге, сондай-ақ осы дүниеге өзінің қажет екенін түсінуге ықпал етеді, – деп атап өтті Күләш Ноғатайқызы.

Күләш Ноғатайқызының тұжырымдары «Білім – 2030» жаһандық жобасы шеңберінде ЭЫДҰ-ның(Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) зерттеу нәтижелерімен бекітілді. Жобаның ұлттық үйлестірушісі – NIS. Бағалаудың дәстүрлі модельдері өзгеріс үстінде, ал жаңа қалыптыжағдайда оқушылар өздерінің оқу процесін жақсартуға белсене қатысып келеді.

Бүгінгі таңда Қазақстанда Дүниежүзілік банктің қолдауымен «Оқушыларды бағалау жүйесін жаңартылған білім беру мазмұнымен сәйкестендіру» бағыты бойынша «Орта білім беруді жаңғырту» кешенді жобасы іске асырылуда.Cambridge Assessment пен NIS-тің бұл жобааясындағы әріптестік байланысының мақсаты – орта білім беру жүйесін дамытудағы халықаралық тәжірибе мен қазақстандық жетістіктердің бірігуі.Жобаның негізгі сарапшыларының бірі Анна Грин халықаралық бағалау стандарттары және оларға қалай сәйкес келу керектігі туралы ақпаратпен бөлісті.

Дөңгелек үстелдің басында сауалнамадан өткен қатысушылардың басым көпшілігі стандарттарға сәйкестік мәселесі мектептерді бағалау деңгейінде де қарастырылуы керек деген пікірмен келісті.«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы орынбасары Ольга Можаеваның баяндамасы халықаралық деңгейдегі мектеп қызметін бағалау тәсілдерінің бірі – аккредиттеуге негізделді. Спикер халықаралық аккредиттеу процесінде мектептердің ішкі өзін-өзі бағалауын ерекше маңызды кезең деп атады. NIS мысалында Ольга Ивановна орта білім беру ұйымдары үшін өзін-өзі бағалаудың маңыздылығын талдады.

Педагогтердің бағалауға қатысты тұжырымдамалары мен пайымдауына мектеп оқушылары да шынайы пікірлерін білдірді. Айта кету керек, білім алушылардың көзқарасы әр алуан – бірі бағалау не істеу қажет және қандай бағытта қозғалу керекекенін түсінуге көмектеседі деп сенеді, ал біріматериалды игеру – ең маңызды үрдіс, ол үшін баға қою міндетті емес деп есептейді.

Кездесуді қорытындылай келе Күләш Шәмшидинова кез келген бағалау жүйесі адамды оқуға ынталандыруы тиіс екенін, ал шынайы сапалы бағалау жүйесі мұғалімнің күнделікті жұмысын сәттікөрсететінін атап өтті. Сапа – бағалаудың басты мақсаттарының бірі.

Дөңгелек үстел барысында ұсынылған материалдар «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ныңжүйелік-әдістемелік оқу кешенінде жарияланады.

«Білім сапасын қамтамасыз етудегі бағалаудың рөлі» – Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арналған «Жаңа жағдайдағы білім беру» жобасы аясында NIS-те өткен үшінші дөңгелек үстел.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *