Орал қаласында Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесіне орайластырылған шаралар ұлттық ойындармен айшықталды.
Тұңғыш Президент алаңында өткен асық ату, гір тасын көтеру, ләңгі тебу, табан тартыс, қол күресі сынды ұлттық спорттық ойындар түрлерін қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырды. Оған оралдықтар және жастар белсене қатысты. Нәтижесінде қол күресінде ешкімге дес бермеген қала тұрғыны Нұрасыл Ибраxимов бірінші орынды жеңіп алды. Жүлделі екінші орынды Айдарбек Мұxтар иеленсе, үшінші орынға Айдынғали Нұрxат табан тіреді. Жетпіс келіден жоғары салмақ дәрежесінде жеңіс тұғырынан Асылжан Тлебалиев көрінсе, Асxат Тұраров пен Нұрлыбек Науxанов екінші және үшінші орындарды өзара бөлісті.
Ләңгі тебуден жекелей жарыста жастар арасында бірінші орынды — Ерасыл Әлібеков, екінші орынды — Еділ Қайырбай, үшінші орынды — Ернұр Кенжаxметов иеленді. Ал ересектер арасында Дастан Есентеміров үздік атанса, Медет Құспанов — екінші орынға, үшінші орынға — Абзал Сырым қол жеткізді.
Асық ату ойынында асығы алшысынан түскен Қазбек Өтеповтің мергендігі басқаларын шаң қаптырды. Бұл ойында екінші орынға — Талант Серік, үшінші орынға Ернұр Байкенов ие болды. Ал ересектер арасында бірінші орыннан Ерден Жанғалиев, екінші орыннан Артур Шерғалиев, үшінші орыннан Қожаберген Оқас көрінді.
Гір тасын көтеруден 16 келіде: бірінші орын — Мейрамбек Қадыров, екінші орын Нұрлыбек Наукенов, үшінші орын Ернұр Фрунзиев. 24 келіде: бірінші орын — Әлішер Давлеткиреев, екінші орын — Нұрлыбек Науқанов, үшінші орын — Артур Шерғалиев. Табан тартыс сайысында жастар арасында Олжас Жасқайрат үздік атанса, екінші орынды Ернұр Кенжахметов, үшінші орынды Әзіретәлі Егізбаев иеленді. Ересектер арасында бірінші орын — Азамат Есболатов, екінші орын — Қуан Кенжеғалиев иеленсе, үшінші орын — Мұрат Ибатов.
Жеңімпаздар арнайы медальдармен, дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.