Жақсы іске жәрдемші болды

                      

Халқымыз қашан да жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған халық. Әрі осы үрдіс ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, үлкендер мұның жалғасын тауып отыруына үнемі үндеген. Сондай ізгі ниетпен ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Бақытжан Құралбайұлының  бастамасымен облыстағы жеке кәсіпкерлердің қолдауымен көп балалы отбасы Ержігіт Хайрашевтің ұл-қыздарына  құны 250 000 теңге көлеміндегі қаражатқа мектеп формасы мен спорттық киімдерін алып беріп, бір отбасын қуанышқа бөледі.

         Отбасының ұйытқысы, отанасы, ұл-қыздардың анасы әрі асыл жары қаза тауып, жеті баламен қалған әке Ержігіт Ержанұлы бас имам Бақытжан Сабралиевке өз жағдайын баяндап, өтініш хат жазып, қолдау көрсетуін сұраған болатын. Жазықсыз бүлдіршіндер мына жарық дүниеге тағдырдың тәлкегін тарту үшін келмегені белгілі. Аналық мейірімді, әкелік қамқорлықты аңсап жүрген, бауырының бүтіндігін қалайтын бейкүнә балаларға көмек қолын созу әр жанның борышы болса дейміз. Егер жағдайыңыз көтерсе, әлеуметтік ахуалыңыз мұрша берсе, жетім сәбилерді асырап алуға,  жәрдем беруге, бейкүнә балақайларға қамқор болуға асыққанға не жетсін.  Қайырымдылық көмек берген жүректері мейірімге толы жеке кәсіпкерлер мен Орал орталық мешітінің наиб имамы Наурыз Убаевтің  еңбегі зор, Жаратқан әр басқан қадамдары мен жасаған игі істерін сауапқа толтырып, ниеттерін еселеп бергей.                          

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *