Жол апатына түскендерді Оралдағы Ұлттық Ұланның әскери қызметшілері құтқарды



Оралда Ұлттық ұланның «Батыс» өңірліқ қолбасшылығының 5517 әскери бөлімінің әскери қызметшілері «ВАЗ 2106» және «Газель» маркалы екі азаматтық автокөлік құралының қатысуымен болған жол-апат окиғасының куәгерлері болып, зардап шеккен үш жолаушыға жедел медициналық көмек көрсетті.

Айтулы, окиғабүгін 19 қыркүйек күні сағат тілі 14.15 шамасында патрульдік қызметті атқару кезінде бөлім штабы бастығының аға көмекшісі капитан Данияр Наурызғалиев, жауынгерлік қамтамасыз ету ротасының командирі капитан Медет Мұхтаров және дәрігер, санитарлық нұсқаушы ефрейтор Абылай Амангелді Подстепное кенті маңындағы 2-Дачная трассасындағы екі автомобильдің қатысуымен болған жол-апат оқиғасының куәгерлері болды.

Осынау көз алдында «ВАЗ 2106» маркалы автокөлігін басқарған жүргізуші ер адам жаяу жүргіншілер өткелінде тұрған Газельдің артынан келіп соғысады.  Көліктің соққысынан жеңіл машинаның салонның алдында отырған жолаушы әйел адам қатты қысылып есіктен шыға алмады.

Сақшылар оқиға туралы жедел қызмет қызметкерлеріне дереу хабарлап, апаттан зардап шеккендерге көмек көрсетуге асықты. Жеңіл көліктің салонында үш адам болған. Капитандар Данияр Наурызғалиев пен Медет Мұхтаров алдымен алдыңғы орындықтан қысылып калған қарт әйелді алып шықты. Әрі қарай, олар жолаушылар есігі арқылы зақымдалған көліктен және тағы екі қарт әйелді алып шығуға көмектесті.

Өз кезегінде ефрейтор А.Амангелдин, капитандар Д. Наурызғалиев және М. Мұхтаровпен бірге оларға зардап шеккен жолаушыларға қажетті алғашқы медициналық көмек көрсетті.

 Жол апатының куәгері, екінші саяжай тұрғыны Жайнагүл Мұратқызы Ұлттық ұланның әскери қызметшілеріне дер кезінде жедел-жәрдем көмек көрсеткені үшін шын жүректен алғыс айтып, оларға денсаулық пен қызметіне табыс тіледі.

— Өкінішке орай, қазіргі қоғамда көпшілігі жай өтіп кетеді, ал кейбіреулері интернетте «ұнатуларды» жинау үшін телефонға түсіреді. Сондықтан ұландықтардың әрекеті — бұл біздің қоғамда әлі де бейжай қарамай кетпейтін адамдар бар екендігінің толық дәлелі. Олар басқаша жасай алмайды, олардың   өз азаматтық міндеті деп санайды. Мен ұлттық ұлан әскерлерінде осындай қырағы да батыл жауынгерлер қызмет ететіне, мақтан тұтамын, — деді куәгер Жайнагүл Мұратқызы.

Ұландықтар өз әрекеттерін батылдык деп санамайды-олардың пікірінше, мұндай жағдайларда әр адам зардап шеккен адамға көмек көрсетуі керек. Бұл сәтте, өте тез әрекет етіп, құтқару керек болды. Себебі адамның өмірі қауіпті болды.

подполковник Ерболат Сұлтанов, Орал.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *