Орал қалалық әкімдігі 2021 жылы 06 сәуір күні 11-00 сағатта gosreestr .kz порталында коммерциялық бағыттағы объектілер құрылысы үшін және оларға қызмет көрсету үшін жер учаскелерін жалдау құқығын сату бойынша аукцион өткізеді.
Байқауда жалдау құқығын сату үшін ұсынылған жер учаскелерінің тізімі
р/с | Құқықтан айыру түрі | Жер учаскесінің алаңы (га) | Нысаналы Мақсаты | Жер учаскесінің орналасқан жері | Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны | Жылдық жалға беру ақысы, теңге | Бастапқы құны, теңге | Кепілдік жарнасы |
1. | 3 жылға жалдау құқығы | 0,1000 | ғимарат құрылысына және оған қызмет көрсету үшін | Тәуелсіздік көшесі, №20-үй ауданында | 2 730 000 | 5 790 | 163 800 | 145 850 |
2. | 3 жылға жалдау құқығы | 0,1000 | ғимарат құрылысына және оған қызмет көрсету үшін | Согласия көшесі, 23-құрылым | 2 730 000 | 5 790 | 163 800 | 145 850 |
3. | 3 жылға жалдау құқығы | 0,0165 | ғимарат құрылысына және оған қызмет көрсету үшін | Деркөл кенті, Хақназар хан көшесі мен Ағыбай батыр көшесі қиылысында | 360 360 | 955,35 | 21 622 | 145 850 |
Аукционды өткізу шарттары: Аукцион gosreestr .kz порталында өткізеді. Аукцион ағылшындық әдіс бойынша өтізіледі (бастапқы бағасының өсуіне қарай). gosreestr .kz порталында объектінің бастапқы бағасы мен бағаның ұлғаю қадамын хабарлайды. Сауда-саттықта қатысушылар «Подтвердить цену» тетігін басу арқылы бастапқы құнын хабарланған қадамға жеңімпаз анықталғанға дейн көтереді;
Жер учаскелерінің жалдау құқығын сату шарттары және ауыртпалықтар (шектеулер) тізілімі: сатып алушы: аукцион өткізілетін күні оның нәтижелері туралы хаттамаға ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) арқылы қол қоюға, «Орал қаласы жер қатынастары бөлімі» ММ-мен Орал қаласы әкімдігінің тиісті қаулысы қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жер учаскесінің жалдау құқығын сатып алу-сату шартын жасасуға және ол бойынша міндеттерді орындауға, игерілу шарттары туралы шартты жасасуға, жер учаскесін оның нысаналы мақсатына сай пайдалануға, қажет болған жағдайда, мүдделі тұлғаларға жер учаскесін шектеулі пайдалану құқығын (сервитут) беруге, жалдау төлемін уақытылы өтеуге міндетті, барлық жер учаскелерінде ауыртпалықтар (шектеулер) жоқ. .
Сауда-саттықта белгіленген учаскенің аукциондық құны 50% мөлшердегі аванстық төлем сатып алу-сату шартына қол қойылғаннан кейін банктік 5 күннен кешіктірілмейтін мерзімде төленеді, ал қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірілмей енгізілуі қажет.
Ескерту: Кепілдік жарна әрбір сауда-саттық объектісі бойынша бөлек енгізіледі.
Аукцион қатысушысы ретінде тіркелу үшін:
жеке тұлғалар үшін: 1) аукционға қатысуға өтінімді (электронно түрде) ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) толтыру қажет; 2) кепілдік жарнаның енгізілгендігін растайтын төлем құжатын; 3) өкілеттің өкілеттілігін куәландыратын құжатты;
заңды тұлғалар үшін: 1) аукционға қатысуға өтінімді (электронно түрде) ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) толтыру қажет; 2) кепілдік жарнаның енгізілгендігін растайтын төлем құжатын; 3) резидент емес тұлғалар сауда-саттық тізілімінен заңдастырылған үзіндіні немесе шетелдік заңды тұлғалар шетел мемлекетінің заңнамасы бойынша заңды тұлға екендігін куәландыратын, мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариат куәландырған аудармасы бар басқа заңдастырылған құжатты береді; 4) өкілеттің өкілеттілігін куәландыратын құжатты ұсыну қажет.
Аукцион қатысушыларын тіркеу ақпараттық хабар жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады. Аукцион қатысуға өтініштер gosreestr .kz порталында қабылданады, анықтама үшін телефон: 8 (7112) 51-47-35.