Орал қалалық мәслихатының кезекті сессиясы төрағасының шешімі
№2 2021 жылғы 16 наурыз
Орал қалалық мәслихатының
3-кезекті сессиясын
шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 және 18-баптарына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:
1. Орал қалалық мәслихатының 3-кезекті сессиясы қалалық әкімдіктің үлкен мәжіліс залында 2021 жылғы 26 наурыз күні сағат 1100-де келесі күн тәртібімен шақырылсын:
1) Еріктілер бастамаларын дамытудағы жергілікті атқарушы орган мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара әрекеті туралы, сондай-ақ Орал қаласындағы азаматтық қоғам институттарының бастамалары (еріктілер мен қоғамдық бірлестіктердің жұмысы туралы).
2) «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы.
3) Орал қалалық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы №56-3 «2021-2023 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
4) Басқа да мәселелер.
2.Орал қалалық мәслихатының аппаратына 3-кезекті сессияны дайындау мен өткізу бойынша барлық қажетті ұйымдастыру-техникалық шараларын қамтамасыз ету тапсырылсын.
Сессия төрағасы В.Крылов