Оңай олжа табамыз деп күдікке ілінді

2021 жылдың 16- 25 ақпан аралығында 1984 жылы туған екі және1987 жылы туған азаматтар қала ішіндегі бір ірі жауапкершілігі шектеулі серістестігіне тиесілі түрлі маркадағы, диаметрі әртүрлі пластик тұрбаларды ұрлап, оқиға орынынан кетіп қалған. Ұзындығы 70 метрге жуық пластик тұрбаларды аталмыш ірі серіктестіктің ауласынан ұрлап шығып, оңай олжа таппақ болған.
Ұрлық орын алды деп шағымданған Н.есімді азаматшаға 1 миллион 300 мың теңгеге жуық материалдық залал келді. Орал қалалық ПБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері 3 күдіктіні ізін суытпай құрықтады. Тұрба ұрлағыш күдіктілер туралы жеке бас деректерін анықтады. Олар кінәлі екендіктерін мойындады. Бүгінгі күні Орал қалалық ПБ тергеу бөлімінде
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 2-бөліміне сай қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.


Орал қалалық ПБ баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *