Қала аумағында жасы кәмелетке толмағандар арасында есірткі қылмыстарының алдын алу және болдырмау мақсатында Орал қалалық полиция басқарамасының жергілікті полиция бөлімі ювеналдық полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторлары БҚО ПД есірткіге қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдерімен бірлесіп, оқу орындарында жасөспірімдерге салауатты өмір салтын насихаттайтын, белсенділіктерін артыратын бірқатар іс-шаралар ұйымдастырды.
Қала аумағындағы жалпы орта білім беретін 58 мектепте, 20 колледжде дөңгелек үстелдер, оқушыларға арналған семинарлар, тренингтер, профилактикалық сұхбаттар өткізіліп, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған спорттық жарыстар ұйымдастырылған болатын.
Мектеп инспекторы,полиция капитаны Д.Темирова №42 мектеп-гимназиясында 7-9 сынып оқушылары арасында «Есірткіге тосқауыл қоямыз» атты тәрбие сағаттарын өткізіп, 10-11 сынып оқушылары арасында «Нашақорлықтың алдын алайық» тақырыбында дебат ұйымдастырды.
Ал №46 жалпы орта білім беретін мектебінің инспекторы Д.Саматова «Есірткіге жол жоқ» тақырыбымен ашық тәрбие сағатын өткізіп, оқушыларға блиц-сұрақ ұйымдастырды.
Орта буын оқуышылары арасында «Нашақорлық-зиянды әдет» тақырыбымен спорттық жарыстар өткізіліп, оқушылар танымдық қабілеттерін арттырды. № 19 жалпы орта білім беретін мектебінің инспекторы,полиция лейтенанты Н.Қыдырашев бастауыш сынып оқушылары арасында «Салауатты өмір салтын ұстану» тақырыбында суреттер байқауын өткізіп, балалардың есірткіге деген ойларын білген болатын.
Полиция капитаны Е.Каменов жоғары аграрлық-технологиялар колледжінің студенттеріне нашақорлықтың алдын алу, емдеу және оңалту шараларына ерекше назар аудару мақсатында шара өткізіп, әлеуметтік бейнебаян көрсетіп, студенттердің есірткіге көз қарасын өзгерту, жасөспірімдерді есірткі қабылдауға, еліктіруге тежеу, білім беру мекемелерінің кызметкерлерімен бірлесіп есірткіге қарсы ұсынымдар мен алдын алу жұмыстарын өткізді.
Халықаралық цифрлық технологиялар, Сәулет және Құқық колледж студеттеріне БҚО ПД ЕҚКБ жедел уәкілдері Қазақстан Республикасында тыйым салынған синтетикалық препараттарды «Спайс», «Тұз» және басқа аналогтарды пайдаланудың салдары» тақырыбында дәріс оқып,студенттерге есірткі туралы, оның таралу жолдары, есірткінің түрлері, есірткі заттарын сақтағаны, сатқаны үшін және есірткіні пайдалануға көндіргені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын, сондай-ақ есірткіні қолданудың салдары жайында баяндады. Дәріс барысында есірткінің зияны туралы бейнероликтер көрсетіліп, оқушылар мен студенттердің сұрақтарына толыққанды жауап берген болатын.
Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мен насихаттау және есірткі затын қолдану мен нашақорлықтын алдын алу мақсатында № 9 жалпы орта білім беру мектебінің оқушыларының қатысуымен «Скажи наркотикам нет!» атты бейнебаян жасақталып, білім беру бөлімінің және Орал қ.ПБ «Instagram», «Facebook» әлеуметтік желілерде жарияланды.
Ата-аналар тарапынан балаларына деген бақылауды күшейту мақсатында барлық мектеп инспекторлары оқу орындарында ата – аналар жиналыстарын ұйымдастырып, заңды тұлғалардың жауапкершіліктері, сонымен қатар «Психотроптық заттарға тәуелділік және одан шығу жолдары» тақырыбымен оларға дәріс беріліп, нашақорлық дертіне шалдыққан адам онсыз өмір сүре алмайтындай күйге түсіп, өзінің денсаулығын, өмірін құртып қана қоймай жақындарының, қоршаған адамдарының өміріне де қауіп төндіретіндігі туралы түсінік беріліп, бейнебаян көрсетілді.
Қылмысты алдын алу, баланың бұрыс жолға түспеуі, ата-ананың, мектеп пен құқық қорғау органдарының бірлескен іс-қимылына байланысты екенін ескере отырып, Орал қ. ПБ ювеналдық полиция бөлімшесінің жеке құрамы бұр тұрғыда жұмыла қызмет етуде.
Нашақорлықпен күрес жүргізу — біздің қолымызда!
Мадина ҚҰСПАНОВА,
Орал қалалық ПБ ЖПҚб ЮПб аға инспекторы,
полиция майоры