Құрметті достар! Мобильді азаматтар базасы (МАБ) – eGov қызметтерін пайдаланушының жеке мәліметтері жинақталып, сақталатын база. Азаматтардың жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) базаға енгізілген телефон нөмірімен байланысты болады. Сәйкесінше, базаға тіркелген азаматтар eGov-тың мобильді қосымшасы мен Telegram бот арқылы мемлекеттік қызметтерді онлайн ала алады. eGov порталына ЭЦҚ-сыз бір реттік пароль арқылы кіруге болады.
Мобильді азаматтар базасына Қазақстанның жеке куәлік алған (16 жастан асқан) азаматтары тіркеледі.💬 Егер сізге ЭЦҚ алу керек болса, не болмаса порталға бірретік жасырынсөз арқылы кіру керек болса, сізден ұялы телефоныңыздың мобильді азаматтар базасында(МАБ) тіркелуі талап етіледі. Бұл базада тіркелу оп-оңай, әрі халыққа берер артықшылықтары көп! Мәссаған, сіз тіркелмегенсіз бе? Мақала біткенше дәлқазір тіркеліп кетіңіз:
1️⃣ Egov.kz порталына кіріңіз
2️⃣ Оң жақ төменгі бұрыштан «Виртуалды ассистентке» басыңыз
3️⃣ Камера батырмасына басып, бейнетүсірілімге рұқсат беріңіз
4️⃣ Байланысқа шыққан операторға жеке куәлігіңізді көрсетіңіз
5️⃣ ЖСН нөміріңізді, телефон нөміріңізді, телефонға келіп түскен бір реттік кодты хабарлаңыз
6️⃣ Сіз тіркелдіңіз! Мобильді базада тіркеу сізге egovkzbot2.0 телеграм-ботын, egov mobile қосымшасын және проактив қызметтерін пайдалануға мүмкіндік береді. Ответить всем Ответить Переслать ПозвонитьСпасибоПринято к сведениюПонятно, спасибо