КӨрісу айт құтты болсын!

Көрісу — еліміздің батыс өңірінде сақталған қазақтың ежелгі дәстүрі. Бүгін Наурыз мерекесінің бастауы, жаңа жылдың басы ретінде тойланатын мерекеде Островский театрының алдында киіз үй тігіліп, алтыбақан құрылды.

Өнерпаздар арбаттың бойымен өткен адамдарға мерекелік көңіл-күй сыйлап, ән мен күйден шашу шашты. Ниет білдірушілер арасында ұлттық ойындар ойнатылып, салт-дәстүріміз насихатталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге әрі белсенді қатысушыларға сыйлықтар табысталды. Бұл күні ұйымдастырушылар жұртшылыққа бауырсақ таратып, дәм татқызды.

Осындай мерекелік шара Тұңғыш Президент алаңы мен Мөңкеұлы көшесінің бойындағы алаңда ұйымдастырылды.



Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *