Өскелең ұрпақтың азаматтық белсенді ұстанымын, еліміздің дамуына жауапкершілік сезімін және сыбайлас жемқорлықты қабылдамауы мен оған төзбеушілігін қалыптастыру мақсатында 15-26 ақпан күндері аралығында облыстық «Адал бол!» челленджі өткізілді.
Байқауға 12 аудан және Орал қаласынан №13, №33, №50 мектептері, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей интернаты, облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығынан барлығы 45 жұмыс қатысты.
Облыстық жарыстың қорытындысы бойынша «Жақсы іс» номинациясы бойынша облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығының тәрбиеленушісі Карина Тлегенова І орын иеленсе, ІІ орынды Шыңғырлау ауданы балалардың мектептен тыс жұмыс орталығының тәрбиеленушісі Арлан Құдайберген, ІІІ орынды Тасқала ауданны балалардың мектептен тыс жұмыс орталығының тәрбиеленушілері Салтанат Мукашева, Нұрсезім Нұрым, Нұргүл Таңгатарова місе тұтты.
«Адал жан» номинациясы бойынша І орынды облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығының тәрбиеленушісі Батырхан Дускалиев, ІІ орынды Орал қаласы, № 33 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Аружан Тыныштық, ІІІ орынды Бөкей ордасы ауданы Ш.Жексенбаев атындағы ЖОББМ-нің оқушысы Айдар Жарылқап алды.
Байқау жеңімпаздары білім басқармасының грамоталарымен марапатталды.
БҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ