Жол апаты: БҚО-да Екі көлік соқтығысып, 4 адам қаза тапты

Бүгін,яғни 26 ақпан 03 сағат 29 минутта Атырау-Орал тас жолында 259 шақырымда
Ақжайық ауданы Атамекен ауылынан 10 шақырымда екі «Тойота камри» автокөлігінің соқтығысуы орын алды. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде 2 автокөліктен 4 адам қаза тауып, 6 адам Тайпақ ауылының ауруханасына жеткізілді, — деп хабарлады БҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Осыған байланысты, облыс тұрғындарынан шұғыл қажеттіліксіз ұзақ жолға шықпауды сұраймыз. Төтенше жағдай кезінде 112, 101 телефон нөмірлеріне хабарласыңыз.

Оставьте ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *