Салынған айыппұлдардың уақтылы төленуі бөлігінде әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша қаулылардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылғы 23-27 ақпан аралығында Орал қаласы аумағында қоғам мен мемлекеттік органдардың мүдделі өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдарын тарта отырып, «Борышкер» ЖАІШ өткізіліп жатыр.
ЖАІШ барысында Орал қ. ПБ қызметкерлері БҚО бойынша ЖСО АП-ның жеке сот орындаушыларымен бірлесіп, әкімшілік айыппұлдарды өндіру туралы қаулыларды орындау бойынша жұмыс жүргізеді. Жыл басынан бері 2021 жылғы 23 ақпан жағдайына 8 147 әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша жалпы сомасы 40 943 559 теңге айыппұл салу туралы қаулы шығарылған. 5 712 әкімшілік материал бойынша 48 292 167 теңге айыппұл өндірілген, өндіру 66,0%. Бүгінгі күні 2 435 материал бойынша (жалпы саннан 29,9%) жалпы сомасы 24 896 610 теңге айыппұл өндірілген жоқ. Сонымен қатар, әкімшілік айыппұлдарды қасақана төлемейтіндердің автокөліктері арнайы автотұраққа қойылып, банктердегі шоттарына тыйым салынатынын хабарлаймыз.
Орал қ. ПБ ӘПб