«Мұқағали – мәңгілік ғұмыр»

Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Жастар мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай Жастар мәдениет үйінің кәсіби ұжымдары арасында «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты шығармашылық байқауы өткізілді.
Ақынның өмір жолы мен ақындық қызметіне шолу жасап, шығармашылығын жан – жақты насихаттау мақсатында ұйымдастырылған мәдени шарада Жастар мәдениет үйінің кәсіби ұжымдары Мұқағалидың өлеңін оқып, ақынның сөзіне жазылған әндері шырқап, ақынның шығармашылығынан сұрақтарға жауап берді.

Байқауда Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының әншісі, Ерен Еңбегі үшін медалінің иегері Дастан Наурызбайұлы, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің қазақ филологиясы кафедрасының доценті, философия докторы (PhD) Айдарбек Ахметұлы, Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің сектор меңгерушісі Роза Оңғарбайқызы қазылық етті.


Байқау нәтижесінде Орыс халық аспаптары оркестрі және «Салтанат» би ансамблі бірінші орынға лайық деп танылды. «Оралым» фольклорлық ансамблі екінші орынға, вокалды аспаптар ансамблі үшінші орындарға ие болды.


Сондай-ақ үрмелі аспаптар оркестрі, қалалық скрипкашылар ансамблі, «Алаш» этно – фольклорлық ансамблі алғыс хаттармен марапатталды.

Орал қалалық «Жастар мәдениет үйінің» баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *