13 ақпаннан бастап жүргізуші куәлігі мен техтөлқұжатты алып жүрмеуге болады


Заң ағымдағы жылдың 13 ақпанынан бастап күшіне енеді.
Енді жүргізушілерге көлікті жүргізген кезде өзімен бірге тек бір ғана құжат- жеке басын куәландыратын куәлікті алып жүру жеткілікті.
Жүргізуші куәлігін, көлік құралын тіркеу куәлігін, сақтандыру полисін, техникалық байқаудан өткенін растайтын құжатты полиция қызметкерлері планшет арқылы тексереді.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол жүру ережелерін назарда ұстап, көлік жүргізу мәдениетін мүлтіксіз сақтауға шақырамыз.
Жол үстінде жолдарыңыз болсын.


Орал қалалық ПБ баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *