Көрісу күніндегі — спорттық сайыстар

14 наурыз күні қала орталығындағы Абай алаңында«Көрісу айт» күніне орай Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен мерекелік спорттық шара өтті.

Мерекелік сахна төрінде ән мен күй шырқалып жатса, алаңда қазақтың ұлттық нақыштары мен салтын насихаттайтын ұлттық спорт түрлері қол күресінен, асық атудан және ләңгі тебуден жарыс оздырылды. Аталған мерекелік шараға 100-ге жуық қала тұрғындары мен жастары қатысты.

Қол күресінде жақсы нәтижеге жету үшін жылдамдық, шеберлік, шыдамдылық маңызды, барлығын ұштастыра білген қала тұрғыны Аян Сағындықов бірінші орынды жеңіп алды. Ал екінші орын Әли Алпысбаевқа бұйырса, үшінші орынды Бекзат Қаниятов иеленді. Қыздар арасында бірінші орынды Арайлым Қанатова, екінші орынды Дана Бекеева және үшінші орынды Анель Алшынова иеленді. Жастар арасында Нұрберген Гусманов жеңімпаз атанып, Әліби Төлегенов пен Асхат Тұраров екінші және үшінші орындарды бөлісті.

Екінші алаңда ләңгі тебуден жекелей жарыс өтті. Қала тұрғындары арасында бірінші орын 115 ұпай жинаған Медет Құспанов, екінші орын 47 ұпаймен Асылхан Казмулинға бұйырды, ал үшінші орынға 15 ұпай жинаған Бекбол Жанғалиев иеленді. Жастар арасында 78 ұпаймен Рамазан Қонысов үздік атанса, 57 ұпаймен Дастан Есқайыр екінші орында, ал үшінші орынды Дәуренбек Өтеуов иеленді.

Қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойындарының ең қызықты әрі өте кең тараған түрі, тез қимылдауды қалайтын, дәлдікке, есепке үйрететін асық атудан қатысушылар арасынан мергендері анықталды. Балалар арасында бірінші орынды Дарын Қадимов, екінші орынды Жоламан Лұқпанов иеленсе, үшінші орын Санжар Искаковқа бұйырды. Ал ересектер арасында бірінші орында Медет Құспанов, екінші орында Ермахан Төлеген болса, үшінші орыннан Нұрсұлтан Көшербай көрінді. Дәлдік пен қырағылықты талап ететін ойын тартысты өтті.
Жеңімпаздар арнайы медальдармен, дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Лəззат ҚАЖЫМОВА

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *