2020 жылғы 16 қараша күні 14 сағат 26 минутта «ҚР ТЖМ БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ (Орал қаласы)» ММ күштер мен құралдарды жедел басқару орталығына Деркул ауылы, ПДП-2 Б. Майлин көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйден өрт шыққаны жөнінде хабар келіп түсті. Өртті барлау кезінде 5 литрлік газ балонының жарылуының себебінен, жалпы ауданы 100 ш/м құрайтын тұрғын үйдің 50 ш/м қабырғасы мен шатыры жанып, опырылып құлағаны анықталды, – деп хабарлайды басқарманың баспасөз қызметі.
Өрт орнынан күйік шалған 1979 жылғы азаматша қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.
Өрт 15 сағат 24 минутта оқшауланып, 16 сағат 51 минутта толықтай жойылды.
Құрметті тұрғындар! Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігі туралы естеріңізге саламыз! Үйдегі газ құрылғыларын, тұрмыстық электр құралдарды, электр жылытқыштары, электр сымдары мен розеткаларды қараңыздар, жанып тұрған пештерді бақылаусыз қалдырмаңыздар