Қазақстандықтар желтоқсанда неше күн демалады?

Қазақстандықтар желтоқсан айында мереке мен демалыс күндерінің бәрін қосқанда 11 күн демалады.

1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күніне орай қазақстандықтар аптаның сейсенбісінде демалады. Сонымен қатар, Тәуелсіздік күні 16- 17 желтоқсан күндері ресми түрде аталып өтіледі.

Осы екі күндік демалысқа 18 желтоқсан күн қосылып, қазақстандықтар Тәуелсіздік күніне орай 16-19 желтоқсан аралығында төрт күн демалады. 18-і күні демалыс болғандықтан 20 желтоқсан жексенбіге сай келсе де жұмыс күні болып бекітілген. Осылайша қазақстандықтар жылдың соңғы айында 11 күн демалады.

BAQ.KZ.

Оставьте ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *