9569 тұлғадан айыппұл өндірілген

2020 жылдың 7-10 қыркүйек аралығында Орал қаласы аумағында «Борышкер» жедел алдын-алу шарасы өтті.

Алты сот орындаушыларымен бірлесе жүзеге асқан іс-шара кезінде 9 569 тұлғадан 125 029 573 теңге көлемінде айыппұл өндірілді.
ЖАШ-тың өту кезінде құзырлы органдар 132 мекенжайды тексерді. 1 516 808 теңге өндірілуі үшін 132 жазбаша өкім таратылды. 7-10 қыркүйек аралығында 1 млн. 685 мың 756 өндіріліп, айыппұл төлемеген 3 автокөлік арнайы автотұраққа қойылды. Осы мерзім аралығында төленбеген айыппұлдар қатары 125 029 573 теңге болды.
Жазадан бұлтартпау принципін қамтамасыз ету, салынған айыппұлдарды уақытында өндіріп алу, аталған бағытта мүдделі органдардың өзара бірлесіп әрекет етуін ұйымдастыру мақсатында ағымдағы жылдың 2-6 қараша аралығында Орал қаласы аумағында мемлекеттік органдардың, қоғамдық және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен тағы да «Борышкер» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілетін болады.

Орал қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *