Осыдан екі он жылдық бұрын суицид тақырыбы қарапайым тұрғындар арасында кеңінен талқыланбаған, бірақ суицид мәселесі барлық уақытта болған.
«Суицид» термині адамның өз өмірін тоқтатуға бағытталған әрекеттерді дербес, көп жағдайда ерікті және қасақана орындауы деп түсіндіріледі. Бүгінгі таңда «суицид» құбылысы өзекті тақырыптардың бірі болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған статистикалық мәліметтерге сәйкес, жасалған суицидтік актілердің саны жылына орта есеппен сегіз жүз мың жағдайды құрайды.
Осыған орай «БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ (Орал. қ)» ММ акт залында қалалық және аудандық (онлайн) өрт сөндіру бөлімдерінің бастықтары және қызметкерлері арасында суицидтік іс-әрекеттер жасауға ықтимал әрекеттердің алдын алуға бағытталған «Мен өмірді таңдаймын» тақырыбында отырыс өтті. Отырысқа облыстық орталық мешіттің наиб имамы Бақытжан Құралбайұлы Сабралиев, қалалық епархиясы әулие Никольский приходының протерейі Александр Александрович Пушин, БҚО ТЖД психологы Аягуль Қуанышқызы Махимова арнайы шақырылды.
«Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ