Жұмыссыз қалғандарға жәрдемақы төленетінін білесіз бе? Ол қандай жағдайда төленеді және оған өтінішті қалай беру керек деген сұрақтарға, әдеттегідей, #oqy&toqy айдарында айтатын боламыз.
Аталған жәрдемақыға өтініш берудің бірнеше жолы бар:
🔑Egov.kz порталы арқылы
📌Порталға кіріп, іздеу жолында «Жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау» деген қызмет атауын теріңіз
📌Қызметті онлайн сұратыңыз
📌Портал ең алдымен тұрғылықты ауданыңызды растауды сұрайды
📌Анықтаманы алу арқылы жұмыссыз ретінде тіркелгендігіңізді растаңыз
📌ЭЦҚ арқылы өтінішке қол қойыңыз
📌Қызметтің нәтижесін жеке қабинетіңізден біле аласыз.
🔑ХҚО арқылы
📌ХҚО-ға кезекті алдын ала онлайн брондаңыз
📍ХҚО-ға барған сәтте жеке куәлік, жұмыссыз ретінде тіркелгеніңіз туралы анықтама (жұмыспен қамту орталығынан аласыз) мен жәрдемақы аударылатын банк шоты туралы ақпаратты ұсынасыз
🔑Жұмыспен қамту орталығы арқылы
Жұмыспен қамту орталығына да жоғарыда аталған құжаттар тізімі тапсырылады.
☝️Ескерту, жәрдемақыға өтініш беруші жұмыссыз ретінде тіркелген және бұған дейін ресми жұмыс істеген азамат болуы керек.
📍Өтініш 8 жұмыс күні ішінде қаралады
📍Жәрдемақы 1 айдан 6 айға дейін төленуі мүмкін және азамат жұмысқа орналасқан жағдайда тоқтатылады
📍Жәрдемақы мөлшері азаматтың әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі төлемдер негізінде тағайындалады.