Дәстүр бойынша күз айлары балық аулау үшін ең қолайлы деп саналады. Күзде қармаққа да балық молынан түседі. Алайда, осы қызық кезінде судағы қауіпсіздікті ұмытпаған жөн. Кез-келген су айдыны оның көлеміне қарамастан, қауіптілігі жоғары орын болып табылады.
Балық аулау кезінде жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау керек:
Су айдынында қайықпен жүзу өте қауіпті. Жүзу құралының жарамдылығы және құтқару кеудешелерін пайдалану міндетті шарт болып табылады.
Жүзе алмайтын адамдарға қайықпен балық аулауға болмайды.
Қайықтың жүктеме деңгей жағдайын бақылау маңызды. Борттың артық жүктелуіне және судың жиналуына жол берілмейді.
Сонымен қатар, балық аулауға барар алдында отбасыңызға және жақындарыңызға балық аулау орны туралы хабарлау керек, сонымен қатар балық аулаудан оралу уақытын нақтылау қажет. Байланыс құралын өзіңізбен бірге алуды ұмытпау керек.
Күзгі-қысқы кезеңдегі навигацияның өзіндік ерекшеліктері бар екенін есте ұстаған жөн. Көру мүмкіндігі шектеулі, тұманда немесе басқа да қолайсыз метеожағдайларда жүзгіш құралдарына шығуға тыйым салынады.
Болмайтын нәрселерді есте сақтау керек:
қайықта жүзе алмайтын адамдарға жағадан алыс жерде балық аулау;
шағын көлемді кеменің бортында ұйықтау;
қатты желге немесе толқынға қарай қайықты су айдынында ұстап тұру;
алкогольді ішу тіпті аз алкогольді ішімдіктер де өзін-өзі бақылауды жоғалтуға әкелуі мүмкін және апатқа әкелуі мүмкін.
Егер қайық аударылып кетсе, оны ұстап алып, аяғымен жұмыс істеп, оны тайызға шығару қажет. Ешбір жағдайда төңкерілген қайыққа көтерілуге тырыспаңыз, өйткені ол сізді соғып жіберіп немесе жауып тастауы мүмкін.
БҚО ТЖД ДЖББ